Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып кеше ғана тағайындалған Камалжан Надыровтан COVID-19 инфекциясы анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов facebook-гі парақшасынада жазды.

Кеше Үкімет қаулысымен Надыров Камалжан Талғатұлы басқа жұмысқа орналасуына байланысты Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған болатын. Алматыдағы коронавирус инфекциясы таралуына қатысты жағдай шиеленісіп, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев жұмыстан босату жөнінде өтініш жазған еді, - деп жазды министр.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыдағы орталық ауруханада бір тәулікте 60 адамның коронавирус жұқтырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр соңғы тәулікте 141 науқастың тіркелгенін айтады. 

 
Республика бойынша вирус жұқтырғандардың ең көбі Алматыда тіркелген, қалада 505 адам індетке шалдыққан — деп хабарлайды ktk.kz арнасына сілтеме жасап kz.el24.kz
 
Алматыда коронавирус жұқтырған бес науқас өте ауыр хәлде жатыр. Қазіргі таңда қаланың инфекциялық стационарларында 422 пациент емделіп жатыр.
Алматыда қоғамдық тәртіпті қадағалайтын курсанттардан жаппай коронавирус анықталып жатыр- деп хабарлайды   ktk.kz арнасына сілтеме жасап el24.kz.
 
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара академиясының тағы 40 сарбазы қауіпті індетті жұқтырғаны анықталды.

 Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетовадан тілшілер карантин қашанға дейін созылатынын сұрады.

Қазақстан Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия төтенше жағдай режимі 30 сәуірге дейін ұзартқанын білесіздер. Карантин мерзімінің ұзарып-ұзартылмауы көп жағдайда өзімізге байланысты. Карантин шараларын қаншалықты сақтаймыз, өзімізді қалай оқшаулаймыз бәрі осы мәселеге кеп тіреледі - деді Айжан Есмағамбетова.