Коронавирустың жаңа түрін лас қолмен қолды уқалау арқылы жұқтыруға болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ресейлік инфекционист-маман Ли Синван мәлімдеді.
Сөзінше, адамдармен жақын қарым-қатынасты азайтып, медициналық бетперде киіп жүрген дұрыс. Сырқаттың ауа арқылы жиі таралатынмен қоса, вирусты лас қолмен көзді уқалау арқылы да жұқтырып алуға болады екен.
"Ең алғашында аурудың құрғақ жөтел, әлсіздік және дене қызуы сияқты белгілері байқалуы мүмкін. Дерттің ауыр түріне шалдыққандар тіпті дұрыс тыныс ала алмай, егер вирус басқа ауруларға қосылса, жағдайлары асқынып кетуі де ғажап емес", - дейді Синван.
Бірақ құрғақ жөтел мен дене қызуы сырқаттың негізгі симптомдары дейді инфекционист-маман. Ол аурудың бастапқы фазасымен ауырғандардың өзі індетті жаппай тасымалдаушыға айналуы мүмкін екендігін де қосты.
Ли Сивнванның айтуынша, вирустың жеңіл түрін жұқтырғандардың емі бір-екі аптаға, ал ауыр түріне шалдыққандар ем шараларына екі аптадан көп уақыт жұмсайды екен.