Ауғанстанда шарасыз ана басқа балаларына тамақ тауып беру үшін алты жастағы қызын сатып жіберген.
 
Ауылды қуаңшылық жайлағаны үшін тастап кеттім. Қалтамда 70 долларым ғана қалды. Басқа балаларым аштан өлмеуі үшін, қызымды сатуға мәжбүр болдым.
 
 Менің күйеуімді өлтіріп кеткен. Ал қызымды сатып алған адам 3000 доллар беруге уәде етті", - деді қызын сатып жіберген әйел.
 
 6 жасар Акила есімді қыз өзінің тағдыры жайында бейхабар. Анасы қызына сатып жібергенін әлі айтпапты. Ал қызды сатып алған ер адамның айтуынша, ол болашақта он жасар ұлының қалыңдығы болмақ. 
 
"Біздің елді мұндай оқиғалар болып тұрады. Тіпті кәрі адамдар да жас қыздарды алады. Ондай бола береді", — дейді ол. Бұған қоса, бұл өңірде күн көріс қамымен балаларды сату және сатып алу жиі кездесетін жайт екен.  

ktk.kz 

Мәскеу-Афины рейсін орындаған Boeing 737 ұшағы ер адамды қағып кеткен.

 
Шереметьево әуежайының ұшу-қону жолағында ер адамның мәйіті табылды. Ақпаратттарға сүйенсек, қаза тапқан адам Армения азаматы. Шереметьево әуежайы берген мәлімет бойынша, сағат 20:10 кезінде экипаж ұшақтың белгісіз бір затпен соқтығысқанын хабарлаған.
Индонезияда көп балалы ана абақтыға қамалды. Мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін келіншекке меңгерушісі жыныстық қысым көрсетуге тырысқан. Келіншек басшысының әңгімесін телефонына жазып алған.

Ол жазбаны сотта дәлел ретінде көрсеткен. Бірақ сот келіншектің өзін «әдепсіз материалдарды» таратқаны үшін алты айға бас бостандығынан айырған. Сондай-ақ 34,5 мың доллар айыппұл төлеуге міндеттеген.

Үндістанның Уттар-Прадеш штаты Агра қаласында маймыл нәрестені ұрлап, өлтіріп тастады.Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлайды. 

Жабайы аң үйге кіріп кетіп, туғанына 12 күн ғана болған шақалақты анасының құшағынан тартып алады. Әйел соңынан жүгіре жөнеледі, көрші-қолаң мен туыстары да көмекке ұмтылған. Олар маймылға тамақ беріп, алдамақ болыпты, бірақ аң шатырға шығып, қашып кетеді. 

Самарқанд қаласында төрт жігіт кейуананың басына шелек кигізіп, ұрып кеткен. Желіге тараған оқиғаның видеосы көпшілік арасында қызу талқыға түсті. Қазір бұзақыларды полиция іздестіріп жатыр деп жазады ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға ағымдағы жылдың мамыр айында "Шодиена" сауда үйінде, №46 дүкеннің жанында орын алыпты.

Жігіттер егде әйелдің басына шелек кигізіп, содан кейін басынан жұдырықпен ұрған. Соққы нәтижесінде кейуана жерге құлайды, ал қылықтарына риза болған бұзақылар оқиға орнынан қашып кеткен.