28 желтоқсан күні Дания астанасы Копенгагеннің Тингбьерг ауданында атыс болды. 

 
 Бұл туралы қала полициясы twitter-де мәлім етті. «Копенгаген полициясына Тингбьергте атыс болғаны туралы хабарлама алдық. 
 
Оқиға болған жерге лезде полция қызметкерлері жаппай жұмылдырылды», - делінген хабарламада. Оқыс оқиға туралы нақты мәліметтер берілмеуде. 
 
Жергілікті құқық қорғау органдарының айтуынша, қазір оқиға орнында тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

ktk.kz