Соңғы бір тәулік ішінде елдің құрлықтық бөлігінде 2281 жаңа жағдай тіркелген. Бірқатар қалалар карантинге жабылды. 

 

Украина мен Ресей президенттері тек "жол картасы" жобасы дайын болғанда кездесуі мүмкін. Бұл туралы Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Telegram-каналында жазды.

 

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды, деп жазды жексенбіде үкіметтің орыс тілді "Нейтральный Туркменистан" газеті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

 

Мұнай қымбаттап жатыр Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 130 доллардан асты. Бұл ақпарат Лондон биржасының сауда-саттық деректері бойынша расталды.

 

Роскомнадзор Ресей аумағында Meta компаниясына тиесілі Facebook пен Twitter әлеуметтік желілерін блокқа қойды.