“Қалаулым” бағдарламасының мерекелік күнгі эфирінде жүргізуші Аша Матай ұятқа қалды. Ол Ұлы Отан соғысында қаза болған батырларға тағзым жасау үшін бағдарламаны бір минут үнсіздіктен бастамақ болған.

Бірақ сөздердің басын қосып, ұйқастыра алмай абдыраған, деп хабарлайды Stan.kz.

“Әуелі бағдарламамызды барша осы соғысқа қатысып, қанымен, терімен, осы бейбітшілікті бізге жаулап алған бабаларымыздың рухына тағзым ретінде бір минут үнсіздіктен бастасақ”, – деген Ашаның әрекеті желіде қызу талқыға түсті.

Желі қолданушылары тележүргізуші мен бағдарлама редакторларын “сауатсыз” деп айыптауда. 

“Қанша сұлу болса да, сауаты жоқ екені көрініп тұр”, “Екі сөздің басын құрай алмаса, несіне жүргізуші болып отыр”, – деп сынады желідегілер.