Тамыз айының жұлдызнамасы
Тоқты
Сəттілікке сеніңіз. Əрбір нəрсенің басы - тұнық ой. Бұл айда іскерлік сапарларға жиі шығуыңыз мүмкін. Өзіңізді өзгелерден ерекшелер қасиетіңіздің пайдасын көресіз. Жиі алма тұтынып, жиі таза су ішіңіз.
Торпақ.
Көптен шешілмей жүрген қиындықтарыңыз шешесіз. Ақшаны санадан шығарып, адамдарды бағалаңыз. Ішімдіктен бас тартуыңыз қажет
Егіздер
Қызғаншақтыққа бой бермеңіз. Таныс-бейтаныс адамдарға сенбеңіз. Ешкімге аса қатты жуыспаңыз. Адамдар сізді пайдаланып кетуі мүмкін. Ақшаға үнемшіл, денсаулығыңызға абай болыңыз. Тамақты талғап жегеніңіз абзал.
Шаян
Бұл ай - махаббат айы. Бір көргеннен ғашық болуыңыз жəне сол сезіммен талай құнды нəрселер жасауыңыз мүмкін. Жиі ұйқыға уақыт бөліңіз. Қуатты болу үшін ішкі əлемнің тыныштығы маңызды. Ақшаны айдағыдан аз жұмсаған дұрыс.
Арыстан
Тосыннан кездесулерге дайын болыңыз. Жұмыста да тасыңыз өрге домалайды. Бойыңыздағы кемшіліктермен күресудің уақыты келген сияқты. Қаладан гөрі ауылға барып, жүйкеңізге тыныштық беріңіз.
Бикеш
Аспаннан ақша жаумайды. Ақша табу үшін еңбектену керек. Ешкімге өзіңізді дəлелдеу үшін жұмыс жасамаңыз. Жақын-жуықтарыңызға тосыннан сый жасап, адамдармен араласуды да ұмытпаңыз. Интернеттен, теледидардан біраз уақыт алшақ болғаныңыз жөн. Себебі, босқа кеткен уақытты кері қайтара алмайды.
Таразы
Азға шүкір қылып үйреніңіз. Өміріңіздің жаңа парағы ашылуы мүмкін. Жаңалықтан қашудың қажеті кем. Таразы белгісіндегілерге асқа көп шөптерді пайдалануды ұсынады. Ерлі-зайыптыларға бала сүйуге таптырмас ай.
Сарышаян
Отбасыңыздың мəселесіне бөтен адамдарды араластырмаңыз. Ол тек қана мəселені ушықтырады. Жұмысыңызда жүктемеден аулақ болыңыз. Жұмыссыз қалу қаупі бар. Аздаған келеңсіз мəселе үшін жақын достарыңызбен қарым-қатынасты үзуіңіз бек мүмкін. Жоғарғы тыныс жолдарына күтім көрсететін кез келді.
Мерген
Бұл белгідегі адамдар үшін бұл айда қызғанышқа бой алдыру тəн болмақ. Жалақысы көп жұмысқа тұру мүмкіндігі тумақ. Бар нəрсе де асығыстық тантпаған абзал. Дұрыс тамақтанып, спортпен айналысқаныңыз жөн.
Ешкімге бұйырыа сөйлеуден аулақ болыңыз.
Тауешкі
Ешкімнен асқан зəрулік болмаса, қарыз алмаңыз. Жылына бір рет болса да, жомарттық тантуға тырысыңыз. Бұл - ақша шашу емес. Жүрегіңізге салмақ түсірмеңіз. Армандай біліңіз. Болашағыңыз бүгіннен басталады. Бизнес сабақтарына қатысып, тіл үйренуге уақыт арнаңыз.
Суқұйғыш
Суқұйғыштарға жеңіл табыс табу үшін ешкімді алдамаңыз. Жалпы, өтірік айтпаңыз. Бұл айда шыншыл болғаныңыз бəрінен де жақсы болмақ. Жаңа таныстықтарға сақ болыңыз. Өтіңізге күтім жасаңыз.
Балықтар
Əрекет айы. Əрекетсіз ештеңе өнбейді. Қиялға жиі берілгеннен пайда жоқ. Бауырыңызға салмақ салатын нəрселерден бас тартыңыз. Ауыр жұмыстардан аулақ жүріңіз.