Құндыз түк болмағандай үйіне келіп тірлігін істеп жүре берді. Енесі мен абысынына Нұрланның ақшасына алған киім кешек заттарын «анам алып берді» - деп көкірек кере мақтанды.

Бағына орай Әсем кекшіл, өкпешіл емес. Ештеңе болмағандай келініне жаны ашып «ананы көтерме, үйтпе, бүйтпе, өзім істей саламын, саған көтеруге болмайды, аздап жатып демалып ал» - деп,  асты- үстіне түсіп әлек. Оның қадірін білер келін жоқ. Тірліктен қашып ыңқылдайды да жүреді.

Талғат пен Мариям әулеттің үлкені болған соң барар жерлері көп. Өлімі бар ,тойы бар. Зейнетақылары өздеріне жетпей қалмаса, артылар емес. Бағлан болса жұмыс жасайын деп тырысқан мен белі ауырып, екі бүктеліп қала берді.

Әсем де әйел заты болған соң қажет заттары болары сөзсіз. Енесі мен ақылдаса келе жұмысқа орналасты. Бала бақша асханасына аспаз болып орналасты. Таңертең ерте тұрып сиырларын сауып, сүт айранын пісіріп жайғастырып, үй ішіне таңғы шайларын беріп кетеді. Ол кетер уақытта ерке келін енді ғана ұйқысынан оянып көзін уқалап шығады. Тірліктің көзін таппайтын мылжың келін, кешке дейін түкте бітіре алмай, оны көрген ененің ашуы келері айдан анық. Шыдай алмай алпысқа келген енесі өзі қамырын илеп, үйін жинап кетеді. Ашу үстінде «Әсем келін болғанда бұлай жүрмес едім. Қиналмас едім »- деп күбірлеп жүреді.

Құндыздың татымы жоқ, , езілген ботқа тамақтарын амалсыздан жеп отырып , тағы сол Әсем келінін мақтап айтып қоя береді. Бұл Құндызға ұнамай , жеңгесіне деген өшпенділігі арта түсті. Кішкентай бөпесі мен Құндыз келін болып түскелі төркініне жете алмай жүрген үйдің үлкен қызы Құндыздың қайны әпкесі , Әсемнің қайны сіңілісі Бағила төркіндетіп қыдырып келді. Отбасына сыйлы келін болған соң ата – енесі, құда – құдағиларына арнап тәттілерін молынан , апа ,жеңге келініне көйлек орамалдарын беріп жіберіпті. Мариям қызы дем алсын деп, жиен немересіне өзі қарайлап, бесікке салып әлдилеп отырды. Келіні мен жақын танысып әңгімелеспек болып, жанына барды.

- Келін қалайсың? Қалай біздің үйге үйреніп қалдың ба?
- Ия ақырындап. Бірақ оңай емес екен.
- Ой алаңдама Әсем жеңгем өзі бәрін үйретіп, бір жылда мощный супер келіншек етіп шығарады (тағы сол Әсемді мақтағаны Құндызға ұнамай қалды) Біздің үйдің адамдарының бәрі ақ көңіл жандар. Көпте емес . Сен менің барған жерімді көрсең. Он бір ағайынды. Алты келінбіз. Мен ең кішісі. Бір үйде төрт келін бірге тұрамыз.Енем қатал адам. Бірақ сол қаталдығының арқасында бәріміз бір шаңырақ астында өмір сүріп келеміз. Ал біздің апам алтын адам ғой.
- Білем бәрі өте тамаша жандар. Үнемі бар жағдайымды жасап жүреді. Бірақ өзім бөтен жерге, бөтен адамдарға үйренісе алмай жүрсем... (Құндыз жыламсырап төмен қарады).
- Ия, не болды?
- Сізге айту ыңғайсыздау болып тұр.
- Айта бер қысылма..
- Бұрындары ойлайтынмын тұрмысқа шықсам ата- енемді өз әке–шешемдей көремін. Күйеуімнің аға, әпке, қарындастарын өз бауырларымдай көремін деп. Бірақ келген күннен Әсем женге бәріңізді жамандап көңілімді суытып тастады. Көңілім суыған соң өзіме жақын тартып үйренісе алмай жүрмін.
- Қойшы... Сонда Женгем не айтты?
- Мені кешіріңізші. Сізге бекер айттым - ау. Ту менде аузыма иелік ете алмай қалам бар ғой.
- Айтсаңшы енді.(Құндыз ештеңе айта алмас еді. Себебі Әсем еш бір жанды жамандаған емес болатын. Айтары жоқ суайт келін, әпкесінен құтылуға тырысты)
- Әпке оның бәрін айтып көңіліңізге қаяу түсіргім келмейді. Тек өтінем арамызда қалсыншы. Үйде ұрыс шыққанын қаламаймын.
- Басын бастадың айт енді. Айтпасаң бастамауың қажет еді.(Құндыз әпкесінен құтыла алмасын біліп, не істерін білмей тұрғанда Бағиланың бөпесі шыңғырып Мариям шақырып қалды ) Құтылғанына қуанып, әндетіп тірлігін істей бастады. Қайны сіңілісін жанындай жақсы көретін Әсем сол күні Бағлан жұмыс істеп жүргенде жиған ақшасын жаратып, базарлық жасап, Бағиланың баласына, өзіне киім -кешек, анау- мынау алып қуана үйге келді.

Қайны сіңілісін құшақтап жағдайын сұрап әлек.
- Қалайсың Бикеш? Аман есен аяқ қолыңды жинап алдың ба? Ренжіме бара алмадым. Мынау кішкентайыңа деп алдым. Азда болса көптей көр.
Әккі келінінің қулығына сеніп қалған Бағила женгесіне жылы қабақ таныта қоймады. Сұрақтарына әрең қинала жауап берді. Әсем не болғанын түсіне алмай ойлана өз бөлмесіне киім ауыстыруға кіріп кетті.

Қайны сіңлісінің көңілін табам деп, сүйікті тамақтарын, тәттілерін, самса бауырсағын пісіріп, шаршағанына қарамай жайнатып дастархан жайды. Тамақ үстінде де Бағила қабақ түйіп, ашулана отырды. Үнемі сүйсініп жейтін женгесінің тағамдарын жегісі келмей түрткілеп қоя салды. Әсем ештеңе түсіне алар емес. Құндыз болса бұл жағдайды бақылап мәз. Бір аптаға демалуға келген қыз, екі күннен соң қайтып кетті. Оның қапа болып кеткені Әсемге маза бермеді. Бағланға айтып еді үндемей күрсініп қойды. Бағлан келінінің қарындасына Әсем жайлы айтқанын естіген болатын, бірақ үйде ұрыс жанжал болмасын деп үндемеуге бел буды.

Салақ, олақ келіннің тірлігіне көңілі толмай әбден шаршаған Мариямның шыдамы шегіне жетіп келініне ашумен біраз әңгіме айтты.
- Әй келін қашан саған ақыл кіреді айтшы? Күнде айта -айта шаршадым. Үйренетін кезің жетті ғой. Мынаны қарашы қалған құтқан қамырдың бәрі жиналып көгеріп кеткен. Оны тағы мені көрмесін деп тығып қойыпсың. Осыны жайып кеспе етіп кесіп қоюға болады емес пе? Әр нәрсенің обалы болады. Үнемі осындайсың. Үйдің бәрі шаң басып жатыр. Түс болды. Түскі асқа не нан жоқ. Не тамағың дайын емес. Қазір атаң малдан келсе маған сөйлеп миымды жеп қояды. Таңнан бері бітірген бір тірлігің жоқ.

- Неге сонша маған айқайлайсыз? Қолымнан келгені осы. Әй Ана Әсем жеңгең осының бәріне үлгеруші еді. Адамның жасағанын адам жасай алады. Сенің де одан еш жерің кем емес.
- Ту жетер енді. Әсем… Әсем… Бітпейтін Әсем әйтеуір. Мен Әсем емеспін. Мен Құндызбын, Құндыз. Бітпейтін күнкілдеуіңізден әбден шаршадым. Жақсы онда мен кетейін. Әсемдей тағы бір қыз тауып алып беріңіз балаңызға.
- Мен саған кет деп тұрғаным жоқ. Қит етсе кетем дей береді екенсің. Жаман қатын кетем деп қорқытады деуші еді. Сеннен қорқар мен жоқ. Кетсең кет қайтеміз енді. Шаршаттың ғой адамды.
Құндыз бөлмесіне кіріп кетіп, киімдерін сөмкеге түйіп отыра берді. Бірер сағат өтіп ашуы басылған енесі бөлмесіне кіріп келді. Затын түйіп жылап отырған келініне жақындап сабыр мен ақылға шақырды.
- Келінжан айналайын қой менде артық кеткен секілдімін. Сабырға кел. Үлкен болған соң ұрсамын да. Мен айтпасам кім айтады саған? Тірлігіңді тыянақты жасап, тамақ наның уақытылы дайын болса саған кім ұрсады? Қой заттарыңды жайына қой. Үй болуға тырыс.
- Қолымнан келгенше жасап жатырмын ғой апа. Үнемі ұрса бересіз, ұрса бересіз.
- Мен жасы келген,ғ жүйкесі жұқарған адаммын. Сен жассың, мен сөйлегенде үндемей тыңдай салсаң болмайды ма? Басыңды изе де кете бер. Сөйлеп, сөйлеп қоямын ғой.
Негізі Құндыздың мақсаты кету емес, жәй енесін қорқыту болатын. Бұл жолы да мақсатына жетіп, енесі алдына жалынып келді. Енесін тыңдаған адамдай, заттарын қайта орнына қойып, дым болмағандай тірлігін жасап жүре берді. Нұрасыл үнемі Әсемнің телефонынан ютуб арқылы мультфильм көріп жүретін. Әсемнің тариф уақыты бітіп Нұрасыл түнде жылап, ақыры болмаған соң Нұрлан өз телефонын ұйықтағанша берді. Әсемнің айлық алуына әлі бірер апта бар болғандықтан Нұрлан жеңгесінің телефлнына бірлік салып жіберді. Ватсап желісі арқылы жеңгесіне бірлік салғанын айтып хабарлама жазып жіберді. Нұрланның телефонын күнде ақтаратын әйелі осы бірлік үшін қырғын жанжал шығарды.

- Неге оған сен салуың қажет? Өзі жұмыс істеп жүрген жоқ па? Өзі салсын..
- Менің әр бір ісіме араласуды қойшы. Шаршатып жібердің бар ғой. Осы саған берген қанша мың ақшаның есебін сұрадым ба? Боқтан өзгенің бәрін алып жатырсың. Неге алдың дедім бе? Сұрағаныңды беріп жүрмін. Саған енді не керек? Тыныштық берші өтініш.
- Демек сені мазалап жүрмін бе? Менен жалықтың ба?
- Жалықтым дегенім жоқ. Күнде бір себеп тауып миымды жейсің. Онсызда жұмыста неше түрлі адамдарға кезігіп жүйкем жұқарып әрең үйге жетем. Үйде сен тыныштық бермейсің. Түсінсеңші мені де.
- Мен үшін жұмыс істеп жүрген адамдай маған міндетсін бе?
- Қашанғы айтамын саған? Біз бәріміз бір отбасымыз. Сен мен деген жоқ. Кім не тапсада бәрімізге ортақ. Өзіңе қажет ақшаңды алып отырсың. Басқасына араласқанды қой.
- Сонда мен сен үшін ешкім емеспін бе?
- Уф, уф жетер енді. Шаршатып жібердің. Ұйқы бересің бе? Жоқ па? Нұрлан жастық көрпесін алып қонақ бөлмеге кіріп көрпені бүркеніп жата қалды. Астында төсеніште жоқ. Артынан Құндыз еріп келіп тағы маза бермеді. Айтпаған сөзі жоқ. Нұрлан еш бір жауап қатпай жата берді. Құндыз өз ісіне өкініп Нұрланнан айырылып қалудан қорқып мысықтай мияулап жалынуға көшті.

Сондада еш жауап ала алмады. Ақыры өз бөлмесіне барып, ватсап желісі арқылы тоқтаусыз хабарлама жіберіп түні бойы ұйқы бермеді. Нұрлан ол хаттарды оқып басын қатырғысы келмей, бәрін түгел өшіріп тастап, телефонын сөндіріп, есікті кілттеп ұйықтап тынықты. Таңертең ашуы әлі тарқамай әйелі ұйқыдан тұрмай жатып шайын ішпей жұмысқа кетіп қалды. Ұйқысы қанбаған, қатты жерде жатып денесі ауырсынып қалған жігіттің жүйкесі жұқарып бір неше тұтынушы мен сөзге келіп ұрсысып қалды. Сол күні жексенбі Әсем үйін жинап, кір жуып өз тірлігін жасап жүрген . Нұрланның таңғы ас ішпей үйінен безіп кеткенін өзінен емес женгесінен көрген әйелі күні бойы абысынына қабақ түйіп, ашулана, бүкіл затты тарсылдатып тірлік істеп жүрді. Оның бұл қылығын Әсем бірнеше рет байқаған мен үндемей жүре берді. Ақыры болмаған соң бөлмесіне кіріп кеткен келінінің артынан барып, не болғанын сұрамақ болған. Ал ұрыс іздеп отырған келіні абысынның жағасынан алды. 

"Әсерлі әңгімелер" топтамасынан 
Жалғасы бар...

Дереккөз: el24kz