- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Болған оқиғаның ізімен...
Ғани Әлихан
Сәкеңнің үндемей жүргенін түсінемін , бірақ жұрттың еркектері жалмаңдап тұрған соң қайтейін . Өйткені соңғы айларда еркек біткеннен аяқ алып жүруден қалдым . Қайда барсам да қайда отырсамда сол бір сұрақ . Қарындас таныссақ болама , қарындас сұлу екенсіз , қарындас нмер беріңізші тағы да сол сияқты сөздер . Тіпті енді біреулері аңдысып бітті . Еркек дегенде ес болмайды дегені рас екен . Қымбат көлікпен қымбат киім киген қызға еркек атаулы да өш болатынын енді ғана түсінгендеймін .
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Болған оқиғаның ізімен...
Ғани Әлихан
Тап кешегі болған жағдай менің Сакенімді біраз есеңгіретіп тастады. Зыр жүгірген сорлы жаның қоярға жер таппай әлек. Жиырма жыл оттасқан әйелін қалай көзі қисын , бұл оған қатты тиді . Бірақ менің Сакенім мен қызыға да, қызғана да қарайтын нағыз еркектің өзі. Әбиүір болғанда әпкетайым басын көтеріп жаны жай тапқаны бар . Алайда бұл оны толықтай айығып кетті дегені емес . Сонау Израильге барып жасатқан отасы сәтті шықты деу қиын.
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Болған оқиғаның ізімен...
Ғани Әлихан
Сол күні әрі ойланып бері ойланып шақша басым шарадай болды . О баста өз пәтеріме кетіп қалғым - ақ келген , бірақ бәйбішенің сөзін қимадым . Ал анау ақбастың бары жоғы мен үшін бір тиын . Маған қызық боп тұрған мына келіншек . Өзі доктормын дейді . Ал доктор болу ол менің де арманым . Сосын оқытамын дейді . Ол аздай осы үйде тұра бер дейді . Тіпті аулада тұрған менің көлігіммен жұмысыңа барып кел дейді .
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Болған оқиғаның ізімен...
Ғани Әлихан
Бір қарағанда мына ақбас кәрі көрінгенімен қылықтары жас баланың қылығы . Әлде бұл өте кеткен ақкөңіл немесе өте аңғал кісі . Негізі мұндай еркектерді ұнатпайтыным рас . Өйткені өз әкемнен көргенім , естігенім бар . Сенің әкең қандай еді деңіз . Біздің үйде әкенің сөзі ешқашан талқыға түскен емес . Бір ауыз айтты , бітті . Ал бізге көз қиығымен бір қарағанының өзі жетіп жатыр . Үнсізғана басымызды төмен салып өз бөлмемізге қарай тайып тұратынбыз . Ал мына кісі мүлдем басқаша . Бәйбішенің күтіп отырмын жолдарыңыз болсын дегені қашан . Онан бері екі бағдаршамнан тұрып өткенбіз .
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Болған оқиға ізімен...
Ғани Әлихан
Жас шамасы біразға келген осы адам қыр соңымнан қалар емес . Өзі бір сөз ұқпайтын сұмырай екен , аңдығаны аңдыған . Бұл менің үлкен қалаға алғаш келгенімдегі болған оқиға . Гәзет журналдардан жұмыс іздеп жүріп әрең дегенде осы жұмысымды тапқанмын. Осылайша күнделікті баратын жеріммен үйге келетін жолым бір жол . Ал мұны білетін мына көкжал қыр соңыма түсіп алған . Аяқ алып жүруден қалдым . О баста ойда жоқта пайда болғанына таң қалатынмын .
Страница 24 из 32