- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Ғани Әлихан
Осы Оңтай деген ағамызды екінші әйел алыпты дегенді естігенде ауылдағылардың бірі жаға ұстаса бірі қуанып жатты . Өйткені бұл сонау КСРО құлап қазақ тәуелсіз ел болғаннан соңғы оқиға . Анығын айтсам 1999 - шы жыл .
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Махаббат хикаясы
Ғани Әлихан
Үшінші қатар дегенім досым , менен әрі кетсе он қадам жер ғой , басымды көтере қарағанымда анық көрдім .
Үстінде қызыл көйлегі бар ұзын бойлы келіншек менен көз алмай тұрды .Тек көздеріміз түйіскенде ғана сырт айналып адамдар арасына кіріп жоқ болды . Жүрегім дүрсілдеп қоя берді . Кім болса да танысым екені белгілі . Негізі Алматы базарлары сондай , анда - санда ескі таныстарымда кездесіп жататыны бар . Алайда мынаның тесіле қарағаны жайдан - жай емес . Оның үстіне менің көргенімді байқағаннан тобырға кіріп жоқ болды . Демек кім болсада қимасым болғаны дедім де қарғып жолаққа өтіп соңынан түстім .
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Махаббат хикаясы
Ғани Әлихан
Шыныменде , бұл досымның өз аузынан естігендей қалған өмірін білемін ғой .Енді маған қызық боп тұрғаны Айконың өмірі . Өйткені жаңағы бір сөзінде төсектес болдық дегенді айтқан еді , сұлу қыздың көз жасына қалғаны рас шығар . Бірақ сол Айконы мен қайтып көрмегенмін . Мүмкін әліде ешқашан көрмейтін шығармын .
Өзі сұлудың да сұлуы еді . Тіпті тап қазірде жіпке тізіп сол кездегі сұлулығын суреттей аламын . Дегенмен онан маған не пайда . Болар іс болды , екі ғашықтың тағдыры екі түрлі жолға түсіп кетті емес пе , оны сұрағаннан бұл оны кейін көрді ма екен сол маңызды ғой .
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Махаббат хикаясы
Ғани Әлихан
Осылайша аяғым тұсау салынып Айкодан алыстай бердім . Онымен болған күндерім қиялымда ғана қалған сағымға айналды . Дегенмен уақыт емші дегені рас екен уақыт өте келе ауданға ауыстым . Ауыспай қайтейін үйдегілердің бәрі осы қызды құптай берді . Оның үстіне ауданға мамаммен тағы да барып келдім . Тіпті Алматыға оқуға кетіпті деп сонда жіберді . Бұл 1993 - ші жылдың қыркүйегі , яғни сенің әскерге кеткеніңе жарты жыл болған кез . Сонда мен саған хат жаздым . Басымдағы болып жатқанның бәрін жаздым .
Ол хат қолыңа тиген тимегені белгісіз , жауап келмеді . Ал қалада қалған жалғыз кластасымыз оқуға түсіп кетті .( екіншісі менімен әскерге кеткен ). Сөйтіп Айкодан еш хабарсыз кеттім .
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
- Қой болды , енді жазба- дейді .
- Бастап қойғанмын , жазбасам болмайды- дедім .
Страница 20 из 32
Соңғы жаңалықтар
- Ақтөбеде үш адамның мәйіті табылды: бірі – “Ақтөбе” футбол клубының жас ойыншысы
- ІІМ басшысы: алкоголь тек арнайы дүкендерде сатылуы тиіс
- Ұлын “өлді” деп алдаған әйел Түркияға демалуға кеткен
- 2026 жылы Қазақстанда зейнетақы өседі
- Махаббат неге ұзаққа бармайды?
- Таразда мектептерге қарулы шабуыл туралы - жалған ақпарат
- Маңғыстауда тағы бір әскери қызметкер бензинге уланып қаза тапты
- Министрлер мен сыртқы саясатқа жауапты лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды — Ақорда
- Бурак Өзчивит Ақтауда: Түркі әлемінің мәдени астанасы атанған қалада түрік актері қонақ болды
- «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға кәсіпкер жаңа көлік сыйлады
- Қырғызстанда өлім жазасын қайтару бастамасы көтерілді
- Ойыншы
- Павлодар облысында 3 жасар қыздың қазасы: әкесі күдікке ілінді
- Қымбатшылық пен төмен жалақы: Экономикалық талдау
- Қазақстандағы "Сталкинг" заңының алғашқы қолданысы: Атырау облысындағы іс
- Санамның құпиясы: жан өлген соң қайда барады?
- Атыраулық тіс дәрігерлерінен 600 млн теңгенің мүлкі тәркіленді
- Қазақстанда ҰБТ форматы мен мазмұны өзгереді
- Қара кемпір
- Қымбатшылық жағдайында қаражат үнемдеу жолдары