Нəзмия Карадениз
Ақ мамық қар қар жердің бетін жапқаннан менің санам ол жайлы ойға маталады да қалады. Қанша қалың ойдан арылғым келіп алып шаһарды жалғыз күн ұзақ  кезгеннен ұмытылған, өшкен ештеңе жоқ. Ұмытуға дəрменсіздігім дей алман, ұмытуға барымды салып бағудамын. Ешкімге керегі жоқ естеліктерден табар пайдамның жоғы анық.  Бірақ, көңіл ол деген де тым асаулау хəм ғəріп...  
Ғəріптік - көктемін күткен таулардай үнсіздікке ұрыну, ғəріптік - болмашы естеліктерге жалқы қалып жылыну. Кең дүниеден одан артық жан таппай, көбеліктің əлсіз хəлін ұғыну. Ол мені  бəріне кінəлі санайды, жанарынан дер кезінде көре алмады деп қарайды. Көрдім. Көргеннен не өзгерді? 
Құшағын кеш жайды, əпер дегем жоқ ешкімге көктен  айды.  Мен тосқан ай мен жылдар сезімінен еш хабар бермеді. Көңілімнің ханзадасы екенін сезбеді. Жүрегімдегі сезімді тұншықтыра-тұншықтыра өзімді жоғалттым. Өзімді жоқ қылдым. Батылдығы жетпеді. Батылдығы жоқ жігіт сүйгенінен оп-оңай айырылады. Айрылды. Мені де ой зынданына қамады. Батылдығын жиып бағын сынаған жігіттің ұсынысы мен оның аянышты жанарындағы жазуды қайтем?!...
                   
Түрік тілінен аударған  Мейірхан Мейрамбекұлы