Кеуде керме,

Сөзді бөлме

Үлкенді құрметте,

тағың биік болса да.

Кішіні жетекте,

Тірлігің жарты қалса да.

Кісілігің кемел болсын,

Танымың терең болсын,

Мақтау сөз есітпес,

құлағың керең болсын.

Адамдық жасай біл,

арамдық көрсең де.

Сөзді бөлме,

ақиқат болса айтары.

Кеуде керме,

Бар сенен де мықты, қауһарлы.

Түрікмен тілінен аударған Мейірхан  Мейрамбекұлы