Зейнет Караман

 Аудармамды Түлкібас аудандық емханасының невропатологы Байрамов Зауыр Элбайоғлына арнаймын

«Мың кісінің алғысын бір сәтте алатын әлемдегі жалғыз адам –дәрігер ғана».

С. Демирел

Дәрігер – бұлт ішінде ойнаған найзағай тәрізді. Найзағайсыз аспан көгі тазармайды, адамның да көңілі де солай. Жанға дәру болар бір ауыз сөз бен жылы шырай тантуы арқылы дәрігер көңіл көкжиегін жұпар апа боп тазартады. Өмірге ғашық жандарды бұлтты жарған найзағайдай ақ жауынға бастап, көгіршін көңілді жайма шуақ күнге жетелейді.

Жайдары күнге жету – жер бетіндегі барша адамның ғазал арманы. Ғазал армаандарды мәпелеу - ақ халат киген жандардың үлесіне тиген тірлік. Жаны дертті жанды жайдары күнге жетелеу - науқасты ауыр ой құшағынан аршып алудан басталмақ.. Дертті жанның жан көгін жарқыратуға, арман асқарын аласартпауға тырысу, адам бойындағы үміт шынарын құлатпауға барын салудың өзі аласапыран дүние де оңай ма? әрине оңай емес. Дәрігердің барлығы осындай ауыр жүкті арқалайды. Жүрегіндегі арда арманы үшін талмайды. Адамға пайдам тисе деген ойдың өзінен рахат табады.

Қанатымен су сепкен қарлығаштай талайлардың жан дертін азайтып, қара түнде тәтті ұйқының құшағына енсе деген ниетпен өмір сүреді.

Измирлік Чынар Гүл есімді талма дертіне шалдыққан сегіз жасар қыздың өлеңі осыны ұқтырады.

Бір жұтым ауа,

Бағасыз кейде.

Бір жұтым ауа,

Қастерлі дүние.

Арпалыс бітпес,

өмір үшін әркез.

Сәт сайын күрес,

Артық кейде сөз.

Азабым аз емес,

өмірім жаз емес.

Дәрігерсіз хәлім,

Расымен мәз емес.

Жаным жыласа,

Жүрегіме үңілген.

Шерімді жырмен баса,

өлең туды түнімен.

Бір жұтым ауа,

Жете ме баға.

Ауадай қымбат,

Есенсіз бе,аға?!

Тірлігіме тіреу,

Көңіліме сүйеу,

Жақсылыққа сену,

Мұң кешуді білмеу.

Талма қысқанда,

жанымнан табылар.

Жанар жас сыққанда,

Сәлемдесе жай ұғар.

Болғанда әбігер,

Жолдасың дәрігер.

Сынаққа қалдырмас,

өткенге салсаң зер.

Аударма Мейірхан  Мейрамбекұлы