Oблыстық пікірсайыс турнирі

          2017 жылдың 27-28 қазан күндері Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының №16 ЖББОМ қабырғасында өздерінің азаматтық көзқарастары мен ұстанымдарын, пікірі мен ұшқыр ойын дәлелді түрде айта алатын облысымыздың пікірсайыс клубтарының үздік мүшелері жиналды.

          Турнирдың негізгі мақсаты қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылатын – діни экстремизм мен терроризм мәселесіне жастардың назарын аудартып, аталған мәселеде жастардың жауапкершілік сезімдерін арттыру және дәстүрлі емес діни ағымдардың әсерін айқындап, жастардың арасында радикалды идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, пікірсайыс турнирлері арқылы жастар арасындағы ақпараттық-түсіндіру топтары қатарында жұмыс жасай алатын болашақ спикерлерді анықтау және дайындау.

Қазақстандық жүк жөнелтушілердің қажеттіліктері бұқара талқылауына ұсынылды

30 қазан күні «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазановтың төрағалық етуімен қазақстандық жүк жөнелтушілерді жылжымалы құраммен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жұмыс кеңесі өтті

Кеңеске «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, «Kazlogistics» Қазақстанның тасымалдаушылар одағының бас директоры Қанат Алмағанбетов, «ҚТЖ – жүк тасымалы» АҚ жүк тасымалдау жұмысы бойынша атқарушы директоры Марат Шәкенов, «Қазақстан Темір Жол» ұлттық компаниясы» АҚ филиал директоры Оралхан Кулаков қатысты.

Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әлеуметтік тапсырысы бойынша жүзеге асып келе жатқан «Жаңа өлеңмен жүздесу» жобасының кезекті бас қосуы Жезқазған гуманитарлық колледжінде өтті.

«ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген британдық қайраткер, ақын, прозаик Маколей Томастың: «Жан дүниесі дертке шалдықпаған адам ақын болмақ түгілі, онда өлеңді сүю сезімі де болмайды»,- деген екен. Ал жан сырқаты деген немене? Абайдың: «Ішім толы у мен өрт, сыртым дүрдей» деуінің мәні неде? Азуын айға білеген аға сұлтан баласының осыншалық күйзеліске түсуінің сыры не?

Құрметті жиынға қатысушылар!

Жетісу жерінің киелі білім ордасы – Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 45-жылдық мерейтойы құтты болсын! Сан мыңдаған түлек ұшырып, сан салада табысты қызмет етіп жүрген майталман мамандарды тәрбиелеген қара шаңырақтың бүгінгі қуанышты мерекесі облыс жұртшылығының ортақ мерекесі деп есептеймін. Сіздерден түлеп ұшқан ұстаздар, қаржыгерлер, заңгерлер бүгінде Алматы облысында ғана емес, күллі Қазақстанда өз орындарын тауып, әрбір салаға таптырмас құнды қызметкерлерге айналды.

{jcomments on}25 қазан күні Жамбыл аудандық  филиалының ұйымдастыруымен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан мектеп құрылыстарына рейд ұйымдастырылды.

Қарғалы ауылында салынып жатқан мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы аудандық партия филиалы жанынан құрылған тұрақты комиссия төрағасы, облыстық  мәслихат депутаты Доғдыркүл Өмірқұлқызы мәлімдеді.