- Подробности
- Категория: Бүгін
Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорғандағы «Айналайын» балалар үйіне барып, тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен құттықтады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- Бүгін сендерді жаңа жылдарыңмен құттықтауға арнайы келдім. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жас өркеннің бүгіні мен болашағы үшін барлық жағдай жасалуда. Әрқайсыларың күні ертең еліміздің мықты азаматы болып өсесіңдер, оған дейін үздік оқып, жақсы білім алуға талпыныңдар. Біз өз тарапымыздан жандарыңнан табылуға, қамқорлық жасауға, әр баланың бақытты болуына барлық мүмкіндікті жасайтын боламыз.
- Подробности
- Категория: Бүгін
Алматы облысында әрбір елді мекенде «Қоғамдық келісім кабинеттерін» ашу ұсынылды. Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласындағы «Салтанат сарайында» «Бірлік және келісім – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында өткен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXIII сессиясында айтылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сессияны облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Амандық Баталов жүргізді. Жиында өңірлік Ассамблеяның бір жылғы атқарған жұмысы қорытындыланып, алдағы істердің бағыты айқындалды.
- Подробности
- Категория: Бүгін
26 желтоқсан күні күні «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен облыстық партия филиалында мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Жиынға «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы, Алматы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысы Әбдуалиев Ақан Жылқышыбайұлы, мәдениет саласының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
- Подробности
- Категория: Бүгін
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ақпараттық-насихаттық жұмыстарын ұйымдастыру» жобасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Жобаны «Қызылорда облысы бойынша «Жас Отан» Қор» корпоративтік қоры жүзеге асырды.
2015 жылы Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан құрамы 100 жастан тұратын «Экспо-2017» еріктілер тобы құрылды. Еріктілер 2 жыл бойы «Speak English» орталығынан оқыту курстарынан өткізілді. Аталған жоба аясында еріктілерді «Экспо-2017» көрмесіне дайындау мақсатында түрлі бағыттардағы семинар-тренингтер өткізілді. Мысалға «Қазақстан тарихы», «Алғашқы медициналық көмек», «Топты басқару», «Тұлғаның өзін-өзі дамытуы» бағыттарында болды.
- Подробности
- Категория: Бүгін
Қазақстандағы аса ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірі «Апорт» жуық арада Талдықорған қаласында пайда болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың инвесторлармен кездесуінде айтылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бүгін Амандық Баталов «HOME MART» компаниясының бас директоры Ерлан Мұқашевпен, «Аллель Агро» АҚ басқарма төрайымы Разия Жатақпаевамен және «Энергомост» консорциумы директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Лилия Наммен кездесті.
Кездесу барысында «Апорт» орталығы құрылысының 3-ші кезегінің инвестициялық жобасы туралы Ерлан Мұқашев айтып берді. Е. Мұқашевтің айтуынша, 3-ші кезегінің құрылысы 40 мың шаршы метр алаңда Қарасай ауданының аумағында жүргізілуде. Инвестиция көлемі – 10 млрд. теңге көлемінде. 3-ші кезектегі құрылыс жұмыстарының нәтижесінде орталықтың жалпы алаңы 150 мың шаршы метрді, жалпы инвестиция көлемі 30 млрд. теңгені құрамақ.
Страница 73 из 92