Атасының емес, Отанының ұлдарына айналған жас сарбаздар бір жыл азаматтық борышын өткізген әскери бөліммен қоштасты. Мектепте қолына қалам алып үйреніп, бөлімге келіп қару ұстаған олар үшін бұл қызметтің жөні бөлек. Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 30153 әскери бөлімінде өткен салтанатты шығарып салу рәсімінде олардың бойын бір сезім билеп, толқып тұрды. Барлығы 30 сарбаз.

  Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының және ҚР Кітапханалық ассоциациясының бастамасымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2017 жылы жалпыға ортақ оқу үшін танымал қазақ ақыны, жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың еңбектері таңдалды. Жыл бойы кітапханамызда ақынның шығармалары мен өмірбаянына арналған шаралар өткізілген. 23 қарашада сол шаралардың қорытындысы есебінде «Біртуар асыл ақын – Сұлтанмахмұт Торайғыров» атты поэзия кеші өтті.

Ақсу қант зауытында арадағы он жылдық үзілістен кейін алғашқы қант алынды. Бұл туралы кеше облыс әкімі Амандық Баталовтың Ақсу ауданына барған жұмыс сапарында белгілі болды. Зауыттың жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан облыс басшысы кәсіпорынды аралап көріп, инвесторлармен зауыттың болашағы туралы мәселелерді талқылады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазір Ақсу қант зауытына қант қызылшасы Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарынан жеткізілуде. Қазіргі кезде кәсіпорынның қызылша жинақтау алаңында 80 мың тонна тәтті түбір жатыр. Бүгінгі күні зауыт 2 мың тонна шикізат өңдеп, алғашқы қантын алды.

 

  Бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен алғашқы рет «Нұрлы жүрек» атты I облыстық қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың форумы өтті. Елбасының көтерген рухани жаңғыру туралы идеялары қазіргі қоғамдық санада жылы қабылданып, барлық азаматтарды жаңа идеяның аясында біріктіретін, елімізді ортақ мұратқа ұйыстыратын тұжырым болып отыр. Мемлекет басшысы ұсынған әлеуметтік-идеологиялық жобалардың бірі «Туған жер» бағдарламасы. Осы бағдарлама аясында еліміздегі барлық қайырымдылық іс-шараларының үйлестірушісі ҚХА туған жеріне, өсіп-өнген өлкесіне көмек жасауға талпынған азаматтарды қолдау және ынталандыру бағытында игілікті істер атқарып келеді. Маңызы жоғары шараға облыстағы қайырымдылық жасаушылар мен меценаттар, облыстық ҚХА құрылымдары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді мүшелері, жас кәсіпкерлер, басқарма қызметкерлері, қалалық және аудандық кәсіпкерлер және үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Әскерилер де СПИД-ке қарсы акцияға ат салысты. Ғасыр дертімен
күресуге белсене кіріскен Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі
депаратаменті жастарды салауатты өмір салтын сақтап, денсаулығына мән
беруге шақырды.