Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада шетелдік БАҚ өкілдері қонақта болды.

Кітапханамызға АҚШ, Италия, Ұлыбритания, Египет, Испания, Жапония, Бразиялия, Оңтүстік Корея, Канада, Австралия, Индонезия, Франция, Австрия, ҚХР және Оңтүстік Африка елдерінен БАҚ өкілдері келді. Бұл жағдайды күнделікті өткізіліп жүрген іс-шаралардың бірі деп айтуға ауыз бармай тұр. Себебі, еліміздің мәдениеті мен тарихы қызықтырған шетелдік журналистердің жанарынан Қазақстан мемлекетіне деген сүйіспеншілік пен қызығушылықтың басым екенін аңғардық. Кітапханамыздың әсем көркін тамашалап, зиялы қауым өкілдерімен кездесу бақыты да бұйырды оларға. Іс-шараға зиялы қауым өкілдерінен Тұрсын Жұртбай, Ғарифолла Есім, Болат Көмеков, Оңайгүл Тұржан қатысты.

{jcomments on}  Кейбір адам ашуын өзге біреуден алуға дайын тұрса, енді бірі, керісінше, сабырлы болады. Ал үшінші бір адамдар іштей қатты ашуланса да, сырттай жайдары көрінуге тырысады. Ал, сіз ше? Тез ашуланасыз ба? Бұл сұрақтың жауабын білмесеңіз, төмендегі тестінің көмегіне жүгініңіз. 

     1. Жарыста жеңіске жеттіңіз. Қуанышыңызды қалай көрсетесіз? 
а) Дастархан жайып, барлық танысымды шақырамын;
 ә) Іштей масаттанып қаламын; 
 б) Алақайлап секіруге дейін барамын. 

16 қарашада Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК-да Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш ардақтылары» атты тақырыптық-танымдық кеш өтті. Кешке қалың жастар қауымы жиналды. Алаш қозғалысының тарихы мен Алаш ардагерлері жайында ақпарат берілген слайд, бейне материал көрсетіліп, «Алаш мұрасы және Қазақстан тәуелсіздігі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын негізге ала отырып, тарихымызды жастарға насихаттап, дәріптеу барысында кітапты оқуға шақыру мақсаты іске асырылды.

16 қарашада ҚР Бас прокуратурасы алаңында құқық қорғау органдары академиясының бастамасымен Астана қаласында «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Еліміздің прокурорлар мен заңгерлер қауымы прокуратура органдарының ардагері, заң ғылымдарының докторы, профессор, 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Қалауша Әділханұлы Бегалиевтің 90 жылдық мерейтойын конференция аясында атап өтуде.

Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің 9 "Б" сынып оқушысының мектепте алғашқы көрмесі ашылды. Жетекшісі: Бодраков Мукаш Досаевич