Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының және атадан балаға жеткен, көзінің қарашығындай сақтаған қымбат қазынасының болуы.

Бүгінгі күнге қаймағы бұзылмай жеткен өнердің шыңы ол күй өнері!

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық кодты сақтай отырып, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңіту керек екендігін айтты «Салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» -деді.

 

Бүгінгі таңда діни мәселе қоғамыздағы өзекті сұрақтардың бірі екенін жоққа шығара алмаймыз. Осы мәселе төңірегінде Қызылорда медициналық жоғары колледжінде 2017 жылдың 17 қараша күні «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты ашық топ сағаты, кездесу өтті.

Тәрбие сағатының басты мақсаты оқушылар арасында теріс діни ағымдарға, экстремистік, террористік пиғылдарға, дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы күрес жолдары мен ұстанымдарын жан-жақты насихаттау, оның психологиялық, әлеуметтік және рухани зияны мен зардаптары туралы ақпарат беру арқылы жастардың санасының бұрмалануының алдын-алу болды.

Бүгін Қазақстан Республикасындағы Италия Республикасы Елшілігі Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына кітаптарды сыйға тарту етті.

Іс-шараның мақсаты – дипломатиялық қарым-қатынастарды орнату аясында рухани және мәдени мұраны жақындастыру мен сақтауға жәрдемдесу болып табылады.

Еске сала кетейік, 2016 жылы Қазақстанда Италия жылы деп жарияланды.

20 қараша күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалымен бірлесе Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы төңірегінде диалогтық алаң өтті. Шараға Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК директор орынбасары Мерген Тоқсанбайдың жүргізуімен, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының саяси бөлімінің жетекшісі Ерлан Мусипов, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Смағұл, Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі, қалалық маслихатының депутаты Тимур Ысқақов, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Сұлтанбек Бекешев, партиялық жетекшілер комиссиясының төрағасы Талғат Жалмағамбетов қатысты.

Форумның пленарлық отырысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жастарды қолдауға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты.

«Өңірде мемлекеттік жастар саясатын дамытуға бағытталған «Жол картасы» мен кешенді жоспарлар қабылданып, 60-тан астам әлеуметтік жобалар іске асырылуда. Қызылорда облысы — республика бойынша жастар саясатына қаржы бөлуден бірінші орында.