Фариза Амангелдіқызы
Әңгіме
Асан жоғары оқу орнына өз күшімен түсті. Бұйырса болашақта инженер болып шығады. Мамандықты да өзі таңдады. Алғашқы оқу жылында пәтерден қатынап жүрді.
Тегін оқу болғандықтан жатақхана берілетінін айтып еді, бас тартты. Сонымен оқу жалғасып жатты. Инженер мамандығы болған соң группада 2 қыз ғана. Қалғаны кілең жігіттер. Барлығы жақсы араласып кетті. Арасында бір жігітпен жолдас болып алды. Өте қарапайым. Мінезі де момын. Есімі Әли. Күнде бірге отырады. Кітапхана болсын, асхана болсын бірге жүреді. Қыдырғанда да бірге қыдырады. Бір күні екеуі сабаққа дайындаламыз деп оқу орнының артындағы саябаққа келді. Аз-маз әңгімелесіп отырып, сабақтарына кірісті. Бір-біріне білгенін түсіндіріп, білмегенін сұрап ұзақ отырды. Кеш бата орындарынан тұрды. Әли жатақханаға, Асан үйіне қайтпақшы. Жолай тағы әңгімелесіп келеді.
- Осы сен қай ауылда тұрасың?- деді Асан.
- Қоянды деген ауылды естуің бар ма?
- Қоянды? Біз баяғыда сол ауылда тұрғанбыз. Үлкен ауыл болған дейді апам. Мен ес білмейтін кезде көшіп кеткенбіз,- деп сөзінің аяғын жұтып қойды. Ары қарай айтқысы келмеді.
- Мен негізі ол ауылдың баласы емеспін. Басқа жақтың тумасымын. Нағашы ауыл ғой. Сонда тұрамыз қазір. Еее бұл ұзақ әңгіме, кейін бірде айтып берермін. Қазір кеш болып кетті, үйіңе жетіп ал,- деп қоштасып қолын созды. Асан да үйіне жеткенше өткен өмірін еске алып келеді. Өзінің есінде бомаса да Әсел мен анасының айтып отыратын ауылдары, туған жері мен тума-туыстары туралы ойлады. Анасының айтуымен еміс-еміс есіне түседі. Ойланып жүріп үйіне де жетті. Кешкі ас үстінде жолдасы туралы сөз қозғады.
- Апа, біздің группада бір жігіт бар. Екеуміз ылғи бірге жүреміз. Есімі Әли. Ең қызығы біздің бяғы ауылда тұрады екен.
Мына сөзді естігенде Дәметтің қолынан қасығы түсіп кетті.
- Бірге оқимыз дейсің бе? Өзің жайлы айттың ба?
- Я бәрін айттым. Не болды?
- Жоқ, ештеңе. Жәй сұрадым. Жайна әпкеңді айтушы едім ғой естеріңде ме? Соның баласының есімі де Әли еді баяғыда. Нағашы ауылым дегенге ойланып қалдым,- деді Дәмет.
- Мен анасының есімін сұрамаппын апа.
- Мейлі, ештеңе жоқ. Расымен Жайнаның баласы болған күнде де біздің енді ол кісілерге қатысымыз жоқ қой, - деді түсін суытып.
- Неге олай дейсіз? Ол кісіні жақсы деуші едіңіз ғой.
- Қазір де жаман деп отырғаным жоқ балам. Бірақ... Басқа кісілер де бар оның да, менің де аяғымды тұсаулап қойған...
- Асан, болды, тамақ ішейік,- деді осы кезде сөзге араласпай үнсіз отырған Әсел.
Сол күні үшеуі де көпке дейін ұйықтай алмады. Дәмет таңға дейін дөңбекшіп, өткенді есіне алып шықты. Жандарымды сағындым деп іштей бір жылап алды. Ал, Асан таңды атыра алар емес. Ертең-ақ, Әлиден барлығын сұрап алмақшы. Әсел үнсіз ғана тәтті балалығын ұрлаған әжесіне өкпесін ұмыта алмай, ойланып шықты.
Таң атысымен қайта тіршілік жалғасты. Дәмет пен Әсел жұмыстарына. Асан оқуға жиналды. Университетке келе салып Әлиді іздеді. Әлі келе қоймапты. Тағатсыздана күтіп отыр. Әне, қарасы көрінді. Күндегіше момын жігіт күлімсіреп кіріп келе жатыр. Алдынан атып шыққан Асан, амандаса сала, қолынан тартып соңғы партаға жайғасты.
- Әли, сенің анаңның аты кім?
- Жайна. Не болды?
- Ештеңе, -деген Асан Әлиге тесіле қарап қалды.
- Асан, не болды. Анамның атын не үшін сұрадың?
- Мен... Мен әлгі... - деп Асан жүгіріп сыртқа шығып кетті. Рас екен ғой. Менің жиенім. Әкемнің қарындасының баласы. Жиенім...
Сабақ басталып кетті. Асан әлі жоқ. Әли уайымдап отыр. Не болды екен? Тыныштық па? Асан неге қашып кетті. Түсінсем бұйырмасын.
Екінші сабаққа бір-ақ келген Асан үнсіз келіп Әлидің жанына жайғасты. Айтсам ба екен, әлде жоқ па деп ойланып отыр. Әли сұрақтарды жаудырып жатыр. Бірақ жауап жоқ.
- Әли, мен сенің нағашыңмын. Анаңның қайтыс болған ағасының баласымын,-деп бірден қойып қалды.
- Не дейсің? Жандар ағаның ба? Бәсе қатты ұқсатып едім сені суретіне. Бірақ қайдан, деп қоя салып едім.
- Сендерді көп іздедік қой Асан. Әсіресе әжем қатты іздеді. Кешірім сұрап үйге алып келмекші болды. Бірақ ізім-қайым жоқ болдыңдар. Ауылдан қалаға кеткен қай-қайсы адам болса да, әжем өтініш жасап сендерді көрсе айтуларын сұрайтын. Бірақ ешкім сендерді таппады.
- Біз осында болдық. Эххх, біздің басымыздан не өтпеді. Еді ғана аяққа тұрып, адам қатарына қосылдық. Кезінде ішерге ас, киерге киім таппай қатты қиналдық. Анамның шыдамдылығымен, еңбекқорлығымен, өжеттігімен осы күнге жеттік. Болмаса әлде қашан ит-құсқа жем болар едік қой... Өткенімді айтуға 100 күн де жетпес...- деген Асан ауыр күрсінді. Екеуі сабақ аяқталғанша сыбыр-күбірі тоқтамады. Сабақтан соң да саябаққа келіп әңгімелесті. Кеш бата қоштасқан екі туыс екі жаққа кетті. Әли жатақханаға келіп дереу анасына хабарласты. Ал, Асан анасын жұмыстан тағатсыздана тосты. Есік алдынан күтіп алған ол, дереу бәрін баяндап берді. Аяқ-қолы мұздап кеткен Дәмет столға отыра кетті. Ұзақ ойланып отырған ол, бір мезет есін жиып:
- Мейлі, жиен болса жиен болсын. Ертең үйге қонаққа шақыр. Әңгімелесейік,- деді. Асан қуанып кетті. Дереу Әлиге хабарласып ертең келуін сұрады. Себебі ертең демалыс болатын. Әсел де болған жағдайды есітіп, үнсіз қалды. Анасы мен қызының іштегі қатқан шері қанша ойланса да тарқар емес. Осы уақытқа дейін көрген қорлығы мен ащы азабы жеңіп тұрды. Тек Асан ғана туыстарын тапқанына қуанды. Себебі олар үйден кеткенде Асан әле толық есін білмейтін бала еді. Сол үшін де анасына кешіре салыңыз деп айтқысы келеді, бірақ айта алмады. Уақыт керек...
Ертеңіне түске Әли үйге келді. Есік алдында ұзақ тұрды. Анасына хабарласып келгенін, ішке кіргелі тұрғанын айтты. Есіктің қоңырауын басты. Іштегілер қанша сездіргісі келмесе де тағатсыздана күтіп отыр еді.
Есікті ашқан Асан Әлиді ішке кіргізді. Жасқана басып кірген Әли алғашында состиып есік алдында тұрып қалды. Асханадан шыққан Дәмет Әлиді қонақ бөлмеге шақырды. Сол жерде амандасып, жағдай сұрасты. Кішігірім дастархан жайыпты. Тамақ желініп, шәй ішіліп болғанша ешкім ешқандай әңгіме қозғамады. Түс ауа дастарханды жинап болған соң :
- Иә, айта отыр. Үй іші аман ба? Жағдайлары қалай? Ауыл тыныш па?- деп бастады Дәмет.
- Жақсы. Әжем науқас. Қан қысымы көтеріліп кетіп аяқ астынан инсульт алған. Төсекте жатады. Анам сол кісіге қарайды. Менен соң тағы бір інім бар. Биыл оқуын аяқтайды ауылда мектепте.
- Жақсыыы. Анаң сол ауылда тұрады ма? Алдын басқа жақта тұрушы едіңдер ғой.
- Иә. Мен нағашы ауылында өстім. Сондықтан да шығар жасық болғаным,- деп бір күліп алды,- Сіздер ауылдан кеткенде мен кішкентай бала едім. Тіпті есімде еміс -еміс қалыпты. Біз ол кезде әкеммен бірге тұратынбыз. Бір- екі айдан соң нағашы әжем үйіне шақыра берді. Қайта-қайта келіп кету қиын болды. Соңында шешеңді жалғыз қалдырмақшысың ба дем ренжіп анам мен мені үйіне көшіріп алды. Алғашында әкем қарсы болып келмеді. Бізді де жібермеді. Бірақ нағашы әжем бәрібір дегенін жасады. Кейін әкем қайта-қайта келіп тұрды. Сосын әр кезде... Сосын мүлде келмей кетті. Мен мекепті аяқағанда келді, содан соң көрмедім. Тіпті хабарласпайды. Анама ренжулі, білемін. Ал анам нағашы әжемді тастап кете алмады. Өз балаларыңды неге қудың үйден, солардың қызығын қызықтап отырмадың ба, енді қызыңның да бағын байладың деп ағайын-туыс қатты сөкті. Ол кезде әжеміз бақуат болатын. Ешкімнің сөзін елемеді. Кейін уақыт келе өз қателігін түсініп сіздерді іздеді. Бірақ таба алмады. Қазір енді іздеуге де шамасы жоқ. Тек Алладан амандықтарыңызды тілеп жылаумен уақыты өтеді,- деп аяқтады Әли әңгімесін.
Бір де бір сөзін бөлмей тыңдаған Дәмет Әли әңгімесін аяқтаған соң көзінің жасын сүртті. Не үшін жылағанын өзі де түсінбейді. Кімге жаны ашыды? Өзіне ме? Әлиге ме? Әлде кезінде үйден бәле жабысқандай көріп қуып шыққан енесіне ме? Білмейді... Әйтеуір ішінде бір жылулық бар. Әлиді көңілді шығарып салды.
- Келіп тұр, балам. Бұл да сенің үйің. Асанды туысым деп ойла. Бөтен емеспіз. Ал, жақсы. Үйіңе сәлем айт... Соңғы сөздерді әрең айтты. Тілі келмесе де, өзін зорлап айтқызды. Кетерде маңдайынан сипап қалтасына көктен екі қағаз салып жіберді. Өте момын Әли не айтарын білмей қипақтап-қызарақтап рахметін айтып шығып кетті. Жатақханаға жеткенше анасымен сөйлесіп барды. Өте жақсы қарсы алғанын, тіпті жақсы шығарып салғанын да жасырмады.
- Неге ақша алдың балам-ау? Дәметтің алдында керісінше біз қарыздармыз ғой.
- Қоймай салып жіберді. Сіздерге сәлем айтты.
- Эххх... Өмір-ай. Дәметтің құдай деген адам екенін білетінмін...
Жайна төсекте жаутаңдап жатқан анасына бар хабарды жеткізді. Іштей қан жылап жатқан қаусаған кемпір Аллаға шүкіршілігін айтып бетін ары қарай бұрып жатты.
Дәмет пен Асан шәй ішіп отыр. Әсел де келіп дастархан басына жайғасты.
- Біз неге кедейміз, апа?- деді Асан ұзақ үнсіздіктен соң терезеден көзін алмай.
- Ол күндер артта қалды Асанжан,- деді Әсел.
Сөз төркінін Дәмет бірден түсінді. Тек Әсел аңғармай қалды.
- Еее қызым, бауырың ағайын-туысқа кедей екенін жеткізіп отыр ғой. Ертең бірің үйленсеңдер, бірің тұрмысқа кетесіңдер. Бәрібір ағайын керек...
- Оның не апа? Енді сол ауылға барып ащы өткенімізді қайталамайтын шығармыз.
- Басқа түскен қиындықты қайталамаймыз қызым, бірақ, әжеңнің халін білмесек әкеңнің де жаны тынышталмайтынын ұмытпа.
Әсел қанша ұмытып бәрін кешірейін десе, өткен күндері есіне түсіп жүрек түбінде қалған ащы өксік қайта қозғап өкпе-реніші арта түседі. Анасының көңіліне қарап, әкесін ойлап ғана келіскендей болды.
Арада бір айдай уақыт өткенде Әсел жұмыстан демалыс алып, Асан демалысқа шығып, барлығы ауылға жолға шықты. Жол басшы Әли. Барлығы бір көлік жалдаған. Ауылда тұрақты қалмаса да, бір аяғы көрде, бір аяғы жерде әжелерінің батасын алып қайтпақшы...

Соңы...