Гүнай Текин
Аудармамды Адиат Ердəулетке арнадым
"Бақыт дегеніміз - болмысыңдағы бар мөлдірлікпен өмірге хəм адамға жылы күлімдей білу"
Назым Хикмет Ран.
 
Осы менің күлімдеу туралы алғаш ойланған кезім  қай кезде еді?  Күлімдеуді ұмытқан адам күлімдеу туралы қалай ойлансын!  Іштей көңілді бір самарқау салқындыққа үйретіп алған соң күлімдеу де ұмытылады.  Ұмыт болған нəрсе жайлы ойлануға құлық   қашан туып еді?!
 
Е, қоғамдық кеңесте қызмет жасап жүргенім де -ау! 
 
Күнделікті бір сарынды өмірдің жүйкемізді жеп қоятынын алғаш түйсіне бастаған кезім де сол шақ десем болады. Жұмысқа қаланың бір шетінен бір шетіне жалдамалы көлікпен қатынау жүйкемнің жұлым-жұлымын шығарып тастаған. Əрі мен де  жұмыстан талай сөгіс алғам.  Жұмысқа алғаш  таң атпай келіп, қоғамдық кеңестің күту залында жұмыс жасап жатқанмын. Кенет бөлмеге бір жасы елулерден асқан  ұзын бойлы бота көз, ақ сары келген  бір апай залға енді. Жүзі жабырқау.  Маған бірдеңе айтқысы келгендей  жаутаңдай қарап, сосын жанарын тайдырып əкете береді. Болмысымда адамға бірінші болып сөз айту жоқ болған соң шығар, ананың айтарын  ұзақ тостым.   
 
Ол кісі үн қатпай жаңа əріптес болып жатқан  бас маманның үстеліне  қарай жылжыды. Сол кезде  барып не сұрағысы келгенін  аңғардым. Іздеген адамы - лет есімді ақ құба жүзді, салмақтығы менің құрдастарымды екі орап алатын  тəрбиелі  жиырма жасар жігіт екен. Апайдың жүзі жабырқау болған соң бірден ол жігіттің жоқ екенін айту да  ретсіз еді...
Адамды-адам бұл заманда  тегін іздесін бе? Шашын ақ қырау шала бастаған ананы таң атпай жиырма жасар жігітті іздетіп, бізге  жетектеп əкелуінің себебін біз бір аптадан кейін ананың өз аузынан естіп білдік. Ердаулетті  бес жасар əлемді əлінше ғана танитын  перзентінің  тілегіне бола жан ұшыра іздеп жүрген екен! 
 
Аутизм - сана тежелгенімен жүректің биіктеуі екендігін сол қыз арқылы түйсіндім. Олар да Ердәулет сияқты мөлдіреп тұрған жанның күлімдеуін қабылдай алады. Əлемде олар қабылдай алатын бір ғана  нəрсе болар. Ол - жан мейірі. Жан мейірі - болмысы былғанбаған жаннан табылады. Өз жүрегін жылытуға шамасы жетпей жүргендер қаншама! Ақ қардай мөлдірлігін жоғалтып, қапыда өмірдегі бақыт дегенді ұмытқан. Ол олай етпеді. Ол - бақыттың мəнін дұрыс таныды.
 
Мөлдірлігін мөлдірлігін тани алатын бүлдіршін қызға көрсетті.
 
Қазір, ол қыз арнайы  мектепке барып жүр. Ылғи Ердәулет сияқты күлімдеп жүреді. Жан-жүрегімен ағасы  көрші ағасы салған үлгімен өмір сүреді.  Оның жүрек парағында шынайы өмірді сүйетін жанның суреті салулы. Ол сурет өшпейді. Сол сурет арқылы алға басады.  Ғажап па? Ғажап қой! 
Жастығын жарқын іске арнай алатын жігіт - ертеңгі ел үшін еңбек қылар азамат болатынын Демирелдің тағдыр жолынан көреміз. Ол кісінің бір сөзі бар емес пе? " Өмірді бір күндік деп қарамау керек, жастықты мəңгілік деп санамау керек. Кісілікті өлтірмей жүректегі,
мəңгілікке аялау керек" деген.
 
Ердәулетті жиі  сағынам! Болмысы кірлеген адамдармен тағдырым тоғысқанда, жүрегім əділетсіздікпен соғысқанда.
 
 Бес жасар бүлдіршінмен бірге, тәтті естелікпен ажырамай мүлде,құлаш созам санамдағы сол суретпен ,рух беріп ғажап күнге.
 
Ол соны біледі ме?
 
Түрік тілінен аударған : Мейірхан Мейрамбекұлы