Осы оқыс оқиғадан кейін елімізде жүргізуші куәлігін алу қиындауы мүмкін. Депутаттар Ішкі істер министрлігінен құжатты беру тәртібі мен емтиханды барынша қатаңдатуды талап етті. Өйткені, жол апатынан қаза тапқандардың саны азаяр емес.

Павел Казанцев, Мәжіліс депуаты: 
 
-Қазақстанда бейбіт күнде адамдар тура соғыс кездегідей қырылып жатыр. Оны Ауғанстандағы қанды қырғыннан жапа шеккендермен салыстыруға болады. Мәселен, былтыр жол апатынан 32 мыңнан астам адам қаза тапты. 

 

Еліміздің арнайы қызметі Сириядағы 47 отандасымызды елге қайтарды. Бұрын-соңды болмаған ауқымды құтқару операциясының видеосын бүгін Ақорда жариялады. 

 
Соғыстан әбден қажыған әйелдер мен кішкентай ұл-қыздардың елге оралуына байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеме жасап, енді оларды алда не күтіп тұрғанын айтты.

Қостанайлық тәртіп сақшылары облыс орталығы мен Рудный қаласында жезөкшелікке тарту деректерін анықтады.

Қостанай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығы мен Рудный қаласында заңсыз іс-әрекет жүргізіп отырған тай массажы салондарының қызметін тоқтатты. «Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Қостанай қаласының 30 жастағы және 35 жастағы тұрғындары ұсталды.

 

Шымкентте13 жастағы қыз баланы зорлады деген күдікпен 30 жастағы жігіт ұсталды деп хабарлайды  ktk.kz 

Жасы кәмелетке толмаған 13 жастағы қыз баланы зорлады деген күдікпен 30-дағы жігіт құрықталды. Күдікті 1988 жылғы Шымкент тұрғыны болып шықты, бұрын сотталмаған. Бұл оқиға өткен жылдың тамыз айының соңында болды. 2005 жылы туған жасөспірім қыз балаға зорлық жасады деп күдіктелуде.

 

Қарағандыдағы жанжалға қатысты іздеу салынған Нарек Гурурян үндеу жасады деп хабарлайды "Stan.kz".

Қарағандыда «Древний Рим» мейрамханасындағы жанжалға қатысты іздеу салынған Нарек Гуруряннің сөзі мынадай:

“Мен Нарек Гурурян, 1997 жылдың 30 наурызында тудым. Біріншіден, қара жамылған отбасына көңіл айтам. Мен ешкімді өлтірген жоқпын. «Древний Рим» мейрамханасында болған төбелеске қатыстым, бірақ ешкімді өлтірген жоқпын.