The Lancet медициналық журналы жариялаған мəліметке сай, 2016 жылы Қытайда осы жаман əдеттің салдарынан 59 мың əйел мен 650 мың ер адам көз жұмған. 

Екінші орында — Үндістан. Ол мемлекетте 42 мың əйел мен 290 мың ер адам қайтыс болған. Ал рейтингтің үшінші орнында — Ресей. 2016 жылы 43 мың əйел мен 180 мың ер адам ішімдіктен қаза тапқан. 

Ал АҚШ Ресейден екі сатыға артта қалып отыр. Ол елде 19 мың əйел мен 71 мың ер адам көз жұмған. Зерттеуде адамзат денсаулығындағы проблемалардың бірі алкогольмен байланысты екені айтылады. 

Зерттеу қортындысына сай, алкоголь пайдаланушылармен бірге онкологиялық аурудан қайтыс болу көрсеткіші де артқан. The Global Times дерегінше, қытайлықтар сыра, шарап пен араққа ұқсас байцзю ішімдігін көп ішеді. Жалпы, кез келген себеппен алкоголь ішуге дағдыланған екен.

 
 
 Дереккөз:  kaz.nur.kz