Ол гетеросексуал ерлерді үйіне алдап әкеліп, порно түсірген . 32 жастағы Брайан Денемостье 150 жігітті алдаған. Ең кішісі 16 жаста. Олармен сайттағы хабарландыру арқылы танысқан. 

 
Алданған жігіттер сайтта тұрмыстағы әйелмен сөйлесіп отырмын деп ойлаған. Себебі танысушы күйеуінің әскерде екенін, сондықтан көңіл көтергісі келетінін айтыпты. Айыпталушы ер адам қызша киініп, боянып, парик тағып, танысқан адамдарын үйіне шақырады. 
 
Кеудесіне шүберек тығып алады. Биік өкшелі туфли мен көйлек киеді. Ерлермен жақын қатынасқа түсіп, мұны жасырын камераға түсіреді. Кейіннен түсірген порноны өз сайтында жариялайды. 
 
Шамамен 80 жігіт өзін видеоға түсіріп жатқанын білмеген. 3 желтоқсан күні ер адамды үш жылға соттады. Порно сайтын құлыптап тастады. 
 
Дереккөз: Stan.kz