Саламатсыздар ма! Қалдарыңыз қалай, құрметті оқырман? Жаным жай таппай жүргеніне бірнеше күн болды. Қиналып кеттім əбден, сондықтан осында жазып отырмын Бұл сырымды  ешкімге айта алмаймын. Өзім өте тұйықпын, күліп жүргенмен, сырымды сыртқа аша бермеймін.

Осыдан біраз бұрын бір курсқа бардым. Мұғалім жас ағай екен, келбетті, сөзі нық, өзі өте ашық мінезді, күліп жүреді, əрқашан көмек қолын созып жүреді барлығына. Қалай екенін білмеймін, бірінші сабақтан кейін-ақ сол ағай аузымнан түспейтін болды. Қыздарды барлығы менен "ұнап қалмады ма" деп сұрайтын, ал мен "жоқ, ол өте адамгершілігі  мол жан, өте білімді мұғалім" дейтінмін.

Сәлеметсіздерме?!

Сіздердің тұрақты оқырманыңызбын. Мен де өз өмірім жайлы айтқым келеді. Тезірек шығарыңызшы. 19 жасымда жақсы көрген жігітіме тұрмыс кұрдым. Бақытты едік, көп ұзамай аяғым ауыр болды. Ішімдегі сәбиге 8 -ай болғанда күйеуім күтпеген жерден қайтыс болды. Жылап еңіреп жүріп жерледік. Күйеуім қайтыс болғаннан бір айдан кейін ұл босандым.

Өмірде өз дегенің үнемі бола бермейді екен. Осыдан біраз уақыт бұрын мен қандай бақытты едім. Мектепті бітірген соң, өзім қалаған жоғарғы оқу орнында оқыдым. Студенттік өмірдің бал-шырынын таттым.

Одан өзім сүйген жігітке тұрмысқа шықтым. Ата-енем де жаман адамдар емес. Келінім деп емес, «қызым» деп еміреніп тұрды. Егіз ұлымыз дүниеге келді. Сөйтіп отбасымызда ақ түйенің қарны жарылып қалған…

Ол күндер қандай ғажап, қандай аяулы шақтар еді. Әттең, Алла-Тағала өміріңді өзгертем десе, оңай екен.

Бұрын жасы кіші ер адамға тұрмысқа шығатындар некен-саяқ кездесетін. Және ондай жағдай болған күннің өзінде ешкім оны бадырайтып айтпайтын. Қарап отырсақ, отырған қыздар арасында бүгінгі күні жас жігіттерге күйеуге шығу белең алған сықылды. Осы тақырыпқа қатысты өзім куә болған мына бір жайттарды «Алаш айнасы» оқырмандарының талқысына ұсынбақпын.

Менің бөлем бұрын тұрмыста болған еді. Күйеуі ұрда-жық болып, онымен дәм-тұзы жараспады. Онымен ажырасқаннан кейін ұзақ жылдардан соң бөлем өзімен бірге жұмыс істейтін Самат атты жігітті үйіне кіргізіп алды. Саматтың жасы одан 8 жас кіші. Бұрын үйленбеген.

Сәлеметсіздер ме? Маған ақыл кеңестеріңіз керек болып тұр. Негатив пікір қалдыратындар оқымай-ақ қойсақ екен. Айтайын дегенім, менің күйеуім өте қызғаншақ. Тұрмысқа шыққаныма үш жылдан асты. Екі қызым бар. Жолдасымның қызғаншақтығы алғашқы кездері біліне бермейтін. Қазір уақыт өткен сайын жолдасымның қызғанщақтығы артып барады. Күйеуімнен алғашқы таяқты да орынсыз қызғаншақтығы салдарынан жедім.

Алғашқы кездері «сүйеді ғой, сосын қызғанады» деп өзімді жұбататынмын. Таяқ жесем де, орынсыз кінәлап жатса да, ойынға айналдырып жуып шаюға тырысатынмын.