Мен Атырау тұрғынымын. Жасым 43-те. Жұбайымның жасы 41-де. Бәріне түсінікті болу үшін басынан бастап баяндайын. Оқиға 2013 жылы басталған. Мен өзім теңізде жұмыс істейтін болғандықтан, үйде көп бола бермеймін. Көбіне жұмыста. Бір демалысқа келгенімде, досым маған әйелімді бір үйдің подъезінен ер адаммен шығып бара жатқанын көргенін айтты.

Сәлеметсіздер ме! Көп ойланып, бір шешімге келіп, сіздермен ішімдегі мұңымды бөлісуді жөн көрдім. 

Куйеуім екеуміз көп жүргеніміз жоқ, сонысына қарамай уйлендік. Үйленгенше асықты, сенен айрылып қалғым келмейді деді. Барлығы жақсы басталған, бірақ оның анасына мен басына- ақ жақпадым. Бірнеше рет өзіне де айттым, мүмкін анаңнын ойындағы қызға үйленерсің деп. Алайда ол үйленген соң бөлек тұрамыз, сен анаммен емес менімен тұрасың деп басынан үміт сыйлаған өзі болатын.

Сәлеметсіздер ме,қыз- келіншектер !

Мен де сол жігіт мәселесі, өзегімді өртеп барады.Себебі ешкімге айта алмаймын.Орны толмас қателік жібердім.Жасым 23 –те үйдің жалғыз  қызымын.Әкем жоқ,бала кезімде тастап кеткен.Жігіттіммен бұдан екі жыл бұрын танысқанмын.Содан жарты жылдай  сөйлесіп жүріп,маған ұсыныс жасады.Қыз –жігіт болып жүрдік.Басында бәрі керемет болды.Күнде қымбат сыйлықтар,гүлдер...

Бүгінде «Отбасы – ошақ қасы» айдары оқырман көңілінен шығып, ең оқылымды бетке айналды. Әрқайсысында әртүрлі тағдыр шертіледі. Бірін оқып таң қалсаң, бірінен жиренесің. Мен де ішіме сыймай жүрген сырыммен «Алаш айнасы» порталында бөліссем деп едім...

Күйеуімді бір көргеннен ұнаттым деп айта алмаймын. Қазанның түпкі күйесі сияқты қаралығы мені шошынтқан басында. Жүре-бара оның бойынан өзіме ұнайтын қасиеттерді біле бастадым. Әсіресе сөзге шеберлігі ұнайтын. Өзім аса сөзшең емеспін. Көп жерде ақымды жегізіп, сөз қайтара алмайтын босбелбеулігімнен көп жапа шегуші ем. Менің ақымды сол алып беретіндей-ақ көңілім құлады да тұрды.

Сәлеметсіздер ме «Сырласу» ды оқып,үнемі пікір жазатын әпке-сіңілілер !

Осы айдарды көп оқимын.Өте керемет кеңестер айтылады.Мың түрлі тағдыр.Біреуге жазылған жайт өтірік сияқты әсер етсе, біреу шынайы қабылдап жатады.Жан айқайын жеткізген әр жанның айтқан сыры шындық деп ойлаймын.Мен де бүгін сіздерден кеңес сұрағалы отырмын.Өзім ойлай –ойлай дұрыс шешімге келе алмай отырмын.