Сәлеметсіз бе, “Сырласу  !”

Мен де өз өмірімнен сыр шертсем деп едім. Атам қазақ айтқандай “жерде бір жетім жыласа,көкте періште жылайды” деген жайды басымнан өткердім.Түсінікті болу  үшін  басынан  бастайын.Колледжде  2- ші курс оқып жүрген кезіміз. Өзімнің   сөйлесіп  жүрген жігітім болды.Содан колледжде бір баланы сол  жігітіме  ұқсатқан  едім.Ол  өте тәртібі  нашар  болатын.Бір күні қолы сынса,бір күні басын жаратын.Әйтеуір тыныш жүре алмайтын.Мен күлетін едім,бір күні жоқ болып кетпесең болар деп.Бір күні  дос қыздарыммен «вечерге» бардым. Содан екеуміз жүре бастадық.Екеуміз  қадімгідей  ашық жүре бастадық. Бірақ апайлардың  бәрі  онымен сөйлескеніме  қарсы болды.

Менің жасым 24-те. 4 жасар ұлым бар. Ажырасып кеткеніме 3 жылдай болды. Тұрақты көңілімнен шығатын жұмысым бар. Менің үлкен әпкелерден сұрағым келгені ұнамайтын адамға тұрмысқа шығуға болады ма?

Маған  тұрмысқа шық деп ұсыныс жасап жүрген бір жігіт бар, бірақ өзіме мүлдем ұнамайды. Жағдайы бәрі жақсы бөлек үйі, жұмысы бар. Бірақ жігіт  тым ынжық , орысша айтқанда”тормыз”. Қанша рет жолығып көрдім, ұнатып кетермін дегенім бос далбаса.Әр жолыққан сайын, қайта көргім келмей келемін. Өзім ұнатпағаннан кейін оның жанында көңіл күйім болмайды.

Ажырасқанына 10 жыл болған құрбыммен жолықтым анада. Бір баласы бар. Бірақ екінші рет тұрмысқа шықпапты. Енді біреуін бар ма десем, жоқ дейді. Төсек мәселесін сонда қалай шешесін дедім мен де таң қалып.

Сөйтсем ол такси ұстап, жігітпен танысып, мауқын басады екен. Бірақ соңғы кездері одан да жалыға бастапты. Өйткені Lada Grantaлар шаршатты дейді өз әңгімесін осылай бастаған құрбым.

Сөйтсе жоқтықтан соң, жалқау болғаннан соң, кредиттерін жаба алмаған соң ажырасқан ғой ол алдында күйеуімен.

Жігіттің үш жұрты болады. Нақтырақ айтқанда, өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты. Және олардың әрқайсысына берілген баға да бар. Мәселен, өз жұртың күншіл келеді, бар болсаң, көре алмайды, жоқ болсаң, бере алмайды. Ескіден қалған сөздерге сүйенсек, олар жақсы болсаң, күндейді, жаман болсаң, жүндейді екен. Ал қайын жұртың міншіл келеді. Қолдың ұзындығы мен жағыңның қызылдығына қарайтын көрінеді.

Сәлеметсіздер ме? Қатем болса кешірерсіздер, ойым да шашырап отыр. Мен сіздердің осы бөлімдеріңізді жібермей күнде оқимын. Өзімнің де ішкі ойларыммен бөліссем деймін. Соңғы кездері басымдағы проблемаларымнан қатты қажып кеттім. Кіммен бөлісерімді де білмеймін.

Мен тұрмыс кұрганыма үш жылдай болып калды. 19 жасымда тұрмысқа шыққам. Қызым бар. Кеізнде жолдасым мені танымай алып қашты. Бірақ бір бірімізді бірден жақсы көріп кеттік. Бұл да бір құдайдың берген бір жақсы несібесі шығар деп ойлаймын.