Күйеуімді бір көргеннен ұнаттым деп айта алмаймын. Қазанның түпкі күйесі сияқты қаралығы мені шошынтқан басында. Жүре-бара оның бойынан өзіме ұнайтын қасиеттерді біле бастадым. Әсіресе сөзге шеберлігі ұнайтын. Өзім аса сөзшең емеспін. Көп жерде ақымды жегізіп, сөз қайтара алмайтын босбелбеулігімнен көп жапа шегуші ем. Менің ақымды сол алып беретіндей-ақ көңілім құлады да тұрды. 

Сəлем, "Сырласу" клубы! Айтсаң жамансың, айтпасаң надансың. Үйдегі сүт  кенжеміздің қылығынан қажып біттік. Тоқсан екінші  жылы туғанымен  тоғыз  жасар  қыздың  ақылы  жоқ. Адам ретінде айтқан ақылды құлағына ілмейді. Ауылдағы  қолы  бостармен  қосылып, арақ  ішіп жүреді.  Арақ   ішкен  адамда  абырой  қайдан  болсын?!

Мен бұған дейін осы сайттағы отбасылық оқиғаларды оқып, өзіме сабақ алуға тырысатынмын.Мен бүгін сіздермен өз ішімдегі мұңымды ақтарсам деп едім.

Үш баланың анасымын, отбасымның шаңырағын шайқалтқым келмейтін жандардың бірімін. Бірақ өкінішке орай, күйеуім жүріс жасайды, 2 жыл шыдап келіп едім, осы жазда біраз миымды тынықтырмақ болып, ауылыма кеттім. Жолдасым өзі менің біраз уақыт ауылда болғанымды қалаған болатын. Ол анда-санда телефон шалып қоятын, балаларын сұрайды, қашан қайтасындар деп те сұрап қояды.

Сәлеметсіздер ме! Менің жасым 25 те 1 баланың анасымын. Жолдасыммен ажырасқаныма 3 жыл болды. Басында қиналып өмірге өкпелейтінмін. Қазір барі жақсы. Тек айтқым келгені жігіттер бойдақ кезінде өздерінің шын мәнінде қандай екендіктерін көрсете бермейді.

Жодасыммен 5 жыл бірге жүрдік.Барлық жолдастары туыстары бізге қызығып қарайтын еді. Ренжіскен кезімізде бір бірімізге сөйлемей қалатынбыз. Одан артық мінезін көрмедім. Ал үйленгеннен кейін мүлде басқаша болды. Жұмыс жасама, боянба, үйден шықпайсын деді. Баламды ауруханага апару үшін де ұрыс болатын.

Совхозда тұрғанымызда көрші үйге жас шамасы 27-28-ге келген Мұсабек деген жігіт көшіп келді. Отбасында әйелі мен мектеп жасына жете қоймаған екі қызы және анасы бар еді. Келесі жылы көктемде Мұсабектің әйелі өзіне-өзі от қойып, өртеніп өлді. Кейін білдік, келіншек көктем, күз мезгілінде көтеріліп ауырады екен. Әйелінің жылын берген соң көп ұзамай Мұсабек үйленді. Алған әйелі 20-21 жасар, қолында кішкентай қызы бар әдеміше ақсары келіншек еді. Айналасы үш-төрт жылда Мұсабектің екінші әйелі Айтолқын екі ұл, бір қыз тапты. Кіші қызы жасына толмай жатып Айтолқын мал фермасына сауыншы болып орналасты. Алайда сауыншылық Мұсабектің отбасына сор болып жармасты.