Көптен бері жанымды жегі құрттай жеп келген мына жайтты сіздермен бөліскенді жөн деп шештім. Мұным бәлкім дұрыс, бәлкім бұрыс шығар. Білмеймін. Бірақ ішіме сыймай кетті. Сіздермен бөлісіп, ақыл сұрағым келеді.

Сонымен жағдай былай.

Ажырасу қасірет пе?Тағдыр маңдайыңа жазса сол болады.Мен де тұрмысқа шыққанда ажырасымын ,балалы болғанда баламның әкесі тастап кетер -ау деп ойламаппын.Басқалар сияқты мен де бақытты болуға талпындым...

Күйеуім  разы болсын деп,  қолымнан не келді соны жасадым. Ұлды да тудым. Қызды да тудым. Жазда саманнан кірпіш құйып үй салдым.

Сыртқа жүзіміз жылтырап көрінгенімен әр адамның ішінде бүгулі бір сыры болады ғой. Көкіректі тырмалаған жан жараңды ешкімге тіс жарып айтпаған сайын іштей мүжілесің. Мен көптен бері «Алаш айнасындағы» «Отбасы – ошақ қасы» айдарын үзбей оқып жүрмін. Өткен сандарының бірінде Зайда деген келіншек өзін мүгедек қылып тастап кеткен күйеуі туралы жазыпты. Ал мен керісінше, мүгедек күйеуімді тастап кеттім.

Осы күнге дейін аса мән бермеген едім, енді біліп, санымды соғып отырмын. Жасым 42-де, өзімнің жеке кәсібім бар. Үлкен үйім, қымбат екі көлігім де бар. Бірақ, мұның ешбірі маған қуаныш емес.

Әке-шеше тұңғышымын, ата-әжемнің еркесімін. Алты жас кіші қарындасым екеуміздің бетімізден қақпай, қалағанымызды беріп, сұрағанымызды алдымызға қоятын. Әке-шешем жақсы қызметте еді. Ата-әжем де құрметті азаматтар болатын. Өте тентек, ерке болып өстім. Барлығы менің дегеніммен болатын. Әкем менің заңгер болғанымды қалады.

Сəлем,"Сырласу" клубы. Үнемі əртүрлі тағдыр иелері сіздерден ақыл-кеңес алып жатады. Менің де сұрағым бар еді. Менің 1995 жылы туған ұлым -  бала кезінен мүгедек. Екінші топтағы мүгедектікті алған. ДЦП-мен ауырады.  Жəрдемақысы дəрісіне  əзер жетеді. Тегін дəрілердің көмегі аз. Сондықтан, қалтамыздан аламыз. Соған ақша таппай қиналып қалам. Жүріп-тұруы қиын.  Арнайы тамақпен зорға адам қылып отырған жайым бар.  Соған мемлекеттен қандай көмектер бар?