...Əкем қайтыс болған соң анамның да денсаулығы сыр бере бастады. 
- Бұл үйде не шешең тұрсын, не мен тұрайын! Шаршатты əбден! 
Өткіз анау қарттар үйіне! Сол шешең үшін мына үйде күнде ұрыс. Берекеміз кетті. Шалының артынан неге кетпеді екен... Өткізбесең бала шағаны жинаймын да кетемін. Қалыңдар шешең екеуің!!! 
Арада бір ай өтті. Əйелімнің қабағы ашылмады. Балаларды əдейі жылатады. Анама əдейі суыған шəй, дəмсіз тамақ береді. 

Айнұр Тұрсынбаева

Не болса содан қорқатын заман болды... Үйленгендер бала сүйе алмай қаламын ба деп қорқады, бала сүйгендер қалай өсіріп, жеткіземін деп қорқады.. Бала үйде көп отырып қалса жалқау боп кете ме деп қорқасың, далада көп жүрсе бірдемеге ұрына ма деп қорқасың...Мектеп бітірсе оқуға түсіре алмай қаламын ба деп қорқасың, оқуға түссе шығып қала ма деп қорқасың.. .Оқу бітіргендер жұмыс таба алмаймын ба деп қорқады, жұмысқа тұрғандар қысқартуға ілінем бе деп қорқады...

Армысыздар ма, "Сырласу" клубы! 
  Кеше кездескен əйелге құлай салатын еркекті кім дейін? Басқа-басқа өзім осындай жағдайға жеткеніме қайранмын! Үш бірдей бала тудым, үшеуіне ел қатарлы тəрбиемді бердім. Күйеуім болғанмен еш бала тəрбиесіне араласқан емес. Жылдың төрт мезгілі жұмыс бабымен іс сапарда жүретін. Сол көшедегі өмірінен маған сый қып тапқан тоқалы - Ажар. Қырық үш жаста. Көшедегі біреу үшін он үш жыл бірге тұрған жарынан ажырасқан адамға айтар сөзің де табылмайды. Өксіп жылағаннан басқа қолдан келер қайран жоқ...

Сәлеметсіздер ме? Әр шыққан”Сырласу ” дың материалдарын үзбей оқып отырамын. Пенде болған соң қуанышта, қайғыда қәтеліктерде болады. Мен де өз басымнан өткенді баяндайын...

   Өзім үлкен асханада кассада жұмыс істейтінмін. Кешкі уақыт,жұмыста шаршап отырғанмын. Екі жігіт кірді, орысша әңгімелерін айтып, мен әдеттегідей амандасып алған тамақтарын есептедім.

Алғаш рет“Сырласу” клубына хат жолдап отырмын. Аноним етіп  шығарыңызшы.Атымды айтқым келмейді.Маған сіздердің көмектеріңіз,ақыл кеңестеріңіз ауадай қажет.

Мендегі мәселе мынандай, бөле ағам бар.Үйленгендеріне  7- жыл болды.Жеңгем ажарлы,қыпша белді,өте сұлу жан.Жеңгеме ессіз ғашықпын.Бірақ  ғашық  екенімді  білдірген емеспін.Сол  бөле  жеңгем 7 жылдан бері бала көтерген емес.Мен сеземін, білемін,ол қатты қиналып жүр.