- Подробности
- Категория: Сырласу
Енесін жамандаған ұятсыз деп айтатындар да табылар. Мен айтарымды айтамын. Енем жасы жетпіс алтыға келсе де, арақтан басқаны ойламайды. Атам бұдан жиырма жыл бұрын қайтыпты. Адам өз баласымен бірге арақ іше ме? Менің енем ішеді. Зейнетақы алған күні отыз шақты бөтелке арақ алып келеді. Əйел адам , үйге азық-түлік əкелмей ме деп те ойлаймын. Үлкен кісі ғой. Ақыл берер жаста. Баласына өнегесін көрсетпей ме? Күйеуімді маған қарсы айдап сап қояды. Көшедегі біреу емес қой,өз анасы. Іріткі салатын адамның өз үйіңнен шыққаны жаман.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Мен сүйген жігітке тұрмысқа шыктым, сүйіп қосылдық. Ата енеммен 4 күн тұрып Алматыға күйеуім екеуміз кеттік. Онда ағасы мен жеңгесі үйінде тұрдық бір жарым айдай. Бірінші ұрыс енемнің айтуымен , күйеуім маған алғаш рет қол көтерді, аузым қанап кетті. “Жарайды” деп назар салмадым. Сөйтіп құрбыларыммен араласуға тиым салды.Құрбыларыңмен араласасың деп ұялының қуаттағышымен ұра бастады.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Арма, адақты оқырман қауым! "Сырласу" қыздар клубына келген əрбір хаттарды үзбей оқып тұрамын. Менің де келін болғаныма көп уақыт болмады. Бір үйдің жалғызына жар болып, Аллаға тəубə , етегіме бергендерін өмірге əкеліп жатырмын. Ел қатарлы оқу бітіргем. Кішкентайларыма енем бас-көз болар деген оймен ,мамандығым бойынша жұмысқа тұрған едім..
- Подробности
- Категория: Сырласу
Алла басқа салған соң пенденің көмбеске амалы жоқ. Сондай пенденің бірі менмін. Мұндай шарасыздыққа кез болғалы да тоғыз жылдың жүзі болыпты. Отбасылымын. Әйелім мен он жасар ұлым бар. Ең жақын қамқоршыларым да солар. Туысым жоқ емес. Анам, екі апайым мен бауырым бар. Бірақ «анадан алтау болсаң да отаныңа жалғызсың» дегендей, төртеуміз бір анадан туғанмен әрқайсысымыздың өз отбасымыз, өз тіршілігіміз бар. Анам ауылда, бауырымның қолында.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Әркімнің бір уайымы бар дегендей,жасым он тоғызда.Ерте тұрмысқа шықтым.Басында сүйіп қосылғандай едік. Енді арадан алты ай өтпей суып бара жатқан сияқтымыз. Дене сымбатым да,кескін келбетім де ешкімнен кем емес. Ыстық –суығымыз тез –ақ басылып қалды. Күйеуім үйленгендігін жұрттан жасырғысы келеді. Үйден шыққан сəтте-ақ қолындағы неке жүзігін шешіп тастайды. Қанша рет байқадым. Мені ертіп достарымен кездесуге барғысы келмейді.
Страница 67 из 95