Баршаңызға сəлем, "Сырласу"  клубы! 

Қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? Оңтүстіктің қызымын.Адамды алып қашып жар қылудан қашан арылар екенбіз? Не деген жабайылық? Қызды өз қалауынан тыс нəрсе жасату мүмкін бе? Мүмкін емес. Жасым жиырма жетіге келсе де, мен өз қалауыммен күйеуге шыққым келеді. Құда түсіп, сырғамды салып алғанын қалаймын. 

Менің жайым тіптен қиын. “Ойнап жүріп от басқанымды” кеш түсіндім. Мен де қателестім. Біле тұра  біреудің күйеуімен кездестім.  Ақшалы адам деп, байлығына қызығып, өзіме қаратудың бəрін жасадым. Солай күйеуге  жүз айла мен жүз мың амал пайдаланып шықтым. Күйеуге шығар алдын, бірінші əйелі жүкті екенін білсем де, екеуін ажырастыруға барымды салдым. Ертең –ақ өзім де бала туып, уысымда ұстаймын деп ойладым. Бірақ жағдай мен ойлағандай болмады.Өмірімнің мұңы мен азабы күн сайын көбейе берді-көбейе берді.

Менің қайын ағам бұрынан намаз оқитын.Сақалынан адам қорықатындай.4- ші әйелімен тұрады.Ажырасып кетіп үйлене береді,әйелінің үстіне әйел ала беріп,1-2 ай тұрып ажырасып,4- ші әйеліне келеді.

Менің негізі айтайын дегенім ,күйеуім жайлы.Бұрын намаз оқымайтын.Биыл намазға жығылды.Енді қорқамын,дұрыс дінді ұстанып жүр ме? Ағасы сияқты ертең  бәрін «һарамға»теңеп, бізге де қысым көрсете бастаса қайтпекпін?

Айттарыңыз қабыл болсын, апа-сіңілілер! Адамды сағыныш жеп қояды екен. Рас. Мен сағынып жүрмін. Кімді дерсіздер? Ағатайымды. Жар деген де жалғыз бауырымды жылда тосамын. Екі көзімді жолдан алмай, дастарханымды жинамай. Əке-шешемнің үйінде түтінін түтетіп қалған соң қиын екен. Əйтеуір, бір рет қарашаңыраққа келіп, құран бағыштап кетер деп күтумен жүрмін.

Барлықтарыңызға сәлем! Аты –жөнім аноним болсыншы.Жасым 22 де. Тұрмыстамын, кұдайга шүкір 2 қызым бар. Күйеуімнің де мінезі жайлы. Жұмысы да, табысы да жақсы. Бірақ,жұмыстан келгесін телефонға жабысып,ватцаптан шықпайды.

Кейін тексеретінді шығардым.Сосын код қойып тастады.”Мақұл“ деп үндемей жүрдім.Қолайлы сәтті күттім десе де болады.Кодын байқап қалсам,бірден басқасына ауыстырып тастайтын.Телефонын тексергенді жақтырмайтын шығар деп ойлап жүрдім.