Менің жасым 23-те, 3 жыл бұрын тұрмыс құрып, жолдасыммен 9 ай тұрып екі жаққа кеттік. Оның шектен тыс қызғаншақтығының кесірінен, ұзақ тұра алмадық. Ажырасқаннан кейін менің жеке өмірім быт-шыт болды.

Ажырасқаныма 1 жылдан асқанда басқа жігіттермен араласа бастады. Бірақ олар менің бұрын тұрмыста болғанымды білген кезде маған деген көзқарастары өзгеріп шыға келетін. Бәріне керегі бір-ақ нәрсе. Қысқасы, жеке өмірім еш қалыпқа келмей қойды.

Гүнай Текин
 
Уəдең де тұрмадың,
мені жоғалттың .
Өміріңді уладың,
Жүрегімдегі қымбатым.
Саф жүрегіңді кірлеттің, жүрек кірлеген соң бəрі бекер. Ессіздердің əлеміне қалай кірдің? Дүниеде ешбір басқа қызық қалмады ма? Ғажайып өмірдің ғаламатын неге алмастырдың? 

Ағамның жалдамалы пәтеріне жиі барып тұрамын. Жеңгей екеуі жұмыста. Үш баласына бас-көз керек. Олар тұрып жатқан аудан - қаланың ескі аумағы. Көпқабатты үй - Кеңес заманынан қалған басқалқа. Сол «хрущевкаға» қарама-қарсы жұрт «малосемейка» атайтын жатақхана типтес ғимарат тұр. Сонда барған сайын бір көрініс алдымнан шығады: қарсы беттегі үйдің үшінші қабатындағы терезе алдында 4-5 жасар қыз баланың қалқайып отырғаны. Қашан көрсем солай.

  Мен 17 жасар қыз баламын. Алла қаласа биыл 18ге толамын. Басымнан көп жағдай өтті. Кішкентайымнан тым ерке едім.2 әпкем бар. Арамыз 9-10 жас. Үлкен әпкем ауылда әжеммен атамның қолында өскен. Екіншісімен бірге өстік. Анам сол қыздардын ішінде мені  тым қатты еркелететін. Содан тағдырдың сынағыма, анам 12 жасымда мына дүниеден өтті. Тым ауыр болды. Әкем басқаға үйленіп, сол әйелімен әлек болды, әпкелерім маған қарамады да.

Гүнай Текин

 Дұғамнан тастаған емеспін, дуалап сені алса да.

Өмірмен үнсіз егестім,

Жанардан жас сығып қаншама.

Жүрегім сабыр қыл,

Бостан-бос көбелектей шаршама.