Алматы маңында 2021 жылы наурызда апатқа ұшыраған АН-26 ұшағының техникалық сынықтары аукцион арқылы сатылды,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Бұл ұшақ Нұр-Сұлтан – Алматы бағыты бойынша ұшып келе жатқан кезде құлаған болатын. Бортында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) алты қызметкері болған, олардың төртеуі қаза тауып, екеуі ауыр жарақат алған.
Ұшақ қалдықтары қаншаға сатылды?
ҰҚК-нің ресми ақпаратына сәйкес, апатқа ұшыраған АН-26 ұшағының металл сынықтары сатылымға шығарылған. 14,6 тонна металл сынығының жалпы құны 5,4 миллион теңге деп бағаланғанымен, бастапқы аукциондық баға 1,3 миллион теңге болып белгіленді.
Аукционға қатысу үшін 810 897 теңге кепілдік жарна талап етілді. Сауда-саттық 2025 жылдың 27 наурызында таңғы сағат 10:00-де өтті. Нәтижесінде ұшақ сынықтары 1,4 миллион теңгеге сатылды. Алайда, сатып алушының аты-жөні жарияланған жоқ.