Сіздердің сайттарыңызда талай тағдырды оқып,мен де өзім жайлы айтып бергім келді. Мен жіберген қатені қыздарымыз қайталамасын.Мүмкін біреуге сабақ болар .Сәл нәрсеге өкпе артып, отбасын бұзып,кейін өкініп жүрмесін деген оймен жазып отырмын.

   Жалықтым... Іштен тынып күн кешуден, бəрі жақсы деп бақытты түр жасаудан.  Бір рет қисайған жүк түзелуі екі талай екен. Екінші рет тұрмыс құрғаныма көп болмады. Бірінші күйеуіммен тату-тəтті өмір сүріп жүрген уағымда, арамыз  бір  айда бір-бірімізді қызғанамыз деп суыды.

Жауыздық - жүректің қарайып, адамдықтан безуі. Абысыным тағдыр дегенді түсінер емес. Түсінгісі де келмейді. Мен -жесір əйелмін. Жолдасымды Ауғанстанға əскерге алып кеткен, сонау сексен жетінің наурызында. Жасым небəрі жиырма екіде басыма  қара орамал  салынды. Өлгім келді. Өмірдің мəні жоқ сияқты көрінді. Сол аралықта мені өмірге қайтарған  нəрсе - құрсағымда жаңа біткен тіршілік иесі-тін. Сол қызым екеуміз  жолдасымның ошағын сөндірмедік.

30 жылдыққа барамын деп, бір қателікке ұрындым. Өзімнің мектептегі жылдарым  нағашы атамның ауылы- Тарбағатайда өтті. Мектеп бітірген соң ,Алматыдағы МедАкадемия-ға оқуға  түстім. Сол оқуды оқып жүргенім де, бір жігітпен танысып,сөзіміз жарасып отбасын құрдым. Екі қыз сыйладым. Жиырма төрт жыл жолдасыммен бірге тұрдық. Екі жыл бұрын ,жолдасым басқа біреумен көзіме шөп салып, шаңырағымыз ойран болды. Ажырасып кеттік.Күйеуімді кешіре алмадым.Содан соң ешбір еркек маңыма жуымап еді.Еркек біткенге сенімсіздікпен қарайтын болғанмын.

Адам азды ма? Заман азды ма? Анығы жалғыз жаратқанға аян. Біз білмейміз.  Ауылда тұрған соң көп нəрсеге қаладағыдай  көз жұма алмайтынымыз тағы бар.

Аядай ғана ауылда тұрған соң ауылымыздағы бар адамның жайы белгілі. Жақында ауылымызға көшіп келген көршіміздің əрекетін, санамызға сидыра алмай жүрміз. Өзі елуден асқан əйел, жап-жас жігітке сүлікше жабысқанына не десе болады? Жабысқан жігіті жетім қалған ағайынымыздың баласы еді. Ата-анасынан төрт бөлмелі үй мен дүкен қалған болатын. Оңай жерде жатқан дүние үшін,жас баланың санасын улады. 

Мен -келін емес, құлы сияқтымын. Таңертеңнен қара кешке дейін тырбаңдап, үйдің тірлігін жасаймын. Жолдасым -жақында ғана əскерге кеткен. Енемді анамдай жақсы көріп,айтқанын екі етпеймін. Азын аулақ табыс көзім бар. Ауылдағы балаларға ағылшын тілін үйретемін.  Мамандығым - ағылшын тілі. Мектепке жұмысқа орналасуға жағдай жоқ. Үйдегі жеті биені сауып, саумал мен қымызды сату менің мойнымда. Бəріне разымын. Сүйген азаматыма адал  жар атандым. Енем мені əлі толық қабылдай алатын уақытқа жетпедік. Кейде, ширатып алайын деген шығар деп қоям. Жақында анамның елу жылдығы болды. Бара алмадым. Енеме қанша өтініш жасасам да, бір тиын бермеді.