Саламатпысыңдар, айналайын,  қарғаларым!

Адамда ақыл болмаса, мың айтқанмен өз жолын өзі табам демесе, таба  алмайды екен. Өзім талай жыл теміржол саласында жұмыс істеген апаларыңмын. Құдайға шүкір, үш қыз бір тентектеу ұлым бар.  Өзі марқұм ата-енемнің қолында өскен еді.  Бетіне ешкім келмеді. Бір дегені, екі болмай есер болып кетті. Міне, сол тентегімнің жайы алаңдатады.

Сәлеметсіз бе”Сырласу” !

Мен сіздерге бір жай туралы айтқым келеді. Қазір қалада колледжде оқудамын. Әпкеммен және жездеммен тұрамын. Олардың екі тамаша балалары бар. Осы уақытқа дейін бәрі керемет болатын. Бірақ, кеше түнде әпкем екі баласын алып құрбысының үйіне қонуға кеткен. Түнде ұйықтап жатқанда біреу қасыма жатып, белімнен құшақтағанын сезіп, ұйқысырап, жиенім шығар дей ойлап жата бердім.

Соңғы кездері басымды қатырып жүрген нәрсені көпшілікпен бөлісіп ақыл сұрағым келеді. Екі жылдай болды көршім «ғашықпын, сүйем» деп мазамды алып жүр. Алғашқы кездері қатты қорқатынмын. Кеш батса қоқыс төгуге шықпайтынмын. Үйде жалғыз қалған күндері есікті қос қостан бекітіп алатынмын. Ал қазір бойым үйренісе бастады ма, қорықпаймын. Тіпті бойымда оған деген әлдеқандай сезім бар секілді.

Сəлеметсіздер ме, əпкелер! Жасым он бесте.Үйдің үлкенімін."Сырласу" клубына келген əрбір хатты оқып отырамын. Кешегі   хатты оқып жылағым келді. Менің анам да араққа үйірсек. Əкенің арақ ішкенінен ананың арақ ішкені жаман.  Үйге əр күні танымайтын ағалар келеді. Қонақ  бөлмеге  бізге жайылмаған  дастархан жайылады.  Шынын айтқанда, көгерген нан жейтін кезіміз болады. Əкем Кореяға кеткелі үш жылдан асты. Хабарласпайды. Анаммен ренжіскен тəрізді. Ай сайын бізге тапқан табысын жіберіп тұрады. 

   Адам іштен тынып жүруден жалығады екен.Мен де іштегі мұңымды сіздермен бөлісуді жөн  көрдім"Сырласудың" оқырмандары.
 
Күйеуге шыққаныма жеті жыл. Күйеу мені бағып жатқан жоқ. Мен оны бағып жатырмын. Ауылда жұмыс жоқ деп, аузын құр шөппен сүртеді. Көрші-қолаңның бітпей жатқан жұмыстарын бір жартыға жасайды. 
Анасы сияқты бағудан  жалықтым.