Сәлеметсіздер ме?Мен сіздермен сырласып, пікірлеріңізді білгім келген. Тұрмыс құрғанымызға осы жылдың жазында бес жыл болады. Жолдасым өзімнен 13 жас үлкен. Бұрын үйленіп ажыраскан. Танысқан кезімізде өзін өте жақсы жағынан көрсетті. Ішпейді, шекпейді, жұмысы бар. Менің адамым осы шығар деп ойладым. Жарты жыл жүріп үйлендік. 

«Үйлену – оңай, үй болу – қиын» деген рас екен. Отбасылық өмірде түрлі қиындықтар, жылайтын да, мұңаятын да сәттер кездесіп тұрады. 

Сондайда қолды бір сілтеп, жұбайыңды енді көрместей болып ашуланғаныңмен ашуды сабыр­ға жеңдірсең соңы жақсылыққа ұласатыны сөзсіз.  Бұлай деуіме өз басымнан өткізген жағдай себеп болып отыр.

 Сәлеметсіздер ме достар!

   Менің баяғыда бір жігітім болған.Менен 15- жас үлкен.Мен оны қатты жақсы көрдім.Бірақ жанымдағы құрбыларым”үлкен жігітті қайтесің,сен жассың ғой,оны тастап кетсейші “дейтін.Құрбыларым үнемі айта бергесін ойланып қалдым да,оған ештеңе айтпастан хабарсыз кеттім.1- айдан соң бұрынан сөз салып жүрген жігітпен жүріп кеттім.Ол менің бұрынғы жігітім жайлы білетін.Талай  рет бірге жүргенімізді де көрген болатын.Бірақ тұрақсыз деп сөге көрмеңізші, соңғы жігітімді де ұнатып,соған тұрмысқа шығып кеттім.

   Менің жағдайым басқалардан күрделілеу. Мен əу бастан  мінезі ауыр жанмын. Ешқашан басымнан сөз асырып көрмедім. Жастайымнан спортпен айналыстым. Оқыдым. Өз нанымды өзім тауып жеуге дағдыландым. Қазір жұмыссызбын.  Бұрын  колледжде "дене тəрбиесінен" сабақ бергенмін. Тұрмыстамын. Күйеуім жəне екі қызым бар. Адамдар өте өзімшіл болады екен. 

 Жасым келгендіктен болар,отбасылы еркектер маған жүруге ұсыныс жасайтын болыпты.Тағдырым шығар жасым 28- ге келсе де біреудің етегінен ұстау бақыты бұйырмапты.

  Оқу оқып жүріп қалдым.Карьера қудым деп те айта алмаймын.Көптің бірімін.Қарапайыммын.Орта арнаулы ғана білімім бар.Тұз -дәм көтермесе қыз бала қанша талпынса да пайдасы жоқ екен.25- тен асқан соң ойлана бастадым.