Мен -қарапайым ауыл тұрғынымын. Жолдасым бар.  Құдай берген екі қыздың ата-анасымыз.  Жасымыз елуге  таялды. Енді  жолдасымның қызғаншақтығы жүйкемді жеп қойды.  Жыл өткен сайын көлеңкесінен мені қызғанып, сəт сайын қоңырау шалуды шығарды. Ватцаптың видео чатымен шығып, қасыңда кім бар деп тергеп қоя бергенін де не дерімді білмей қаламын. Қасыма адам жууды қойды. Көршінің  əйелдері де алыстан амандасады.  Қасыма келген əйелдерге де дүрсе қоя береді. Қайда шақырып жүрсің деп.  Бəрінен қызғанады.

   Бұрын вахталық жұмыста істегенде ,қасындағы  әріптесінің әйелі  күйеуі жұмыста жүргенде,екі баласын тастап,басқа біреуге тұрмысқа шығып кетіпті.Соны естігелі бері  «әйелге сенуге боомайды »деген сөзді үнемі айтып отырады.Тіпті тым жақсы жұмыс істеп жүрген жерімнен жұмыстан шығарып алды.Өзі де вахталық әдіспен жұмыс істегенді қойды.Жалақысы тәп –тәуір,қызметі де жақсы болатын.Енді,көзден таса болсам болды ватцаптың видеочатына шығып,қасыңда кім бар деп сұрайды?Мүмін ол ауру шығар.Қашанғы шыдаймын.Жас кезімді істемеген тірлікті,елуге қараған шағында істейді дей ме екен?Түсінбеймін.