«Сырласу»ға келген хатты  өңдеп өзгертпей сол күйі жариялауды жөн  көрдік.Өйткені  өңделген дүниеден шынайылық жоғалады.Шынайы өмірдің болмысын,қаз – қалпында берудегі мақсатымыз, біреуді мұқату немесе кері  тәрбиеге үгіттеу емес,керісінше осы хат арқылы біреуге ой салсақ,біреу сабақ алса,жіберген  қателік қайталанбаса  дегендік еді.

       Сәлеметсіздерме! Қарап отырсам барлық еркектер «измена» жасайды. Қазір жесір қатындар біреудін семьясын құртқысы кеп тұрады.Кейде жыным келеді өзіне.Измена жасады.Ол әйел :«менің аяғым ауыр »деп аферистка ақша алған, қорқытып.Маған да жаза бастады үйіне барып ысқырттым.Бірақ күйеуіме айттым: «Мен де саған измена жасаймын» деп. Ол  «өкінесің кайтесің ?»деді. Жылап кешірм де сұрады. Жақсы кешірдім.Балаларымыз бар.Бірақ жүрегім кешірмей жүр.

    1.5жыл өтіпті ,сол оқиғаға. Әлі ұмыта алар емеспін.
Өзгерем деді.Өзгерді ,намазаға жығылды. Бірақ, намаз оқимын деп ,мені ұмыту керек па? Өзім жабысамын да жүремін то сүйіп, то құшақтап.Ол тормоз. Аптасына 1 или 2рет қана болады и то 1-2минут  тез бітеді .Мен не ләззат алып үлгермеймін.

    Түнде болмаймыз да. «Жуыну керек қойшы »дейді.Енді бетіне айту қалды « сен мені не хочешь измена жасасам ренжіме »деп.Құран  сүрелерінде де жазылған ғой, әйелін еркегі төсек қатынасында қанағаттандыруы керек деп.Рас жыным кеп жүр. Бұлай аурулы болуға  болады ғой.Или ана қатынын ұмыта алмай жүр ма?Айтпай басқа біреу тауып алсамба?