Сефа Кырмызы
Аудармамды Гүлмира Əбіқай мен Жазира Бегалыға арнаймын
Арманынан адасқандарға,
анық жол нұсқап əманда.
Жақсылық жасап адамға,
мəн үстеген ғайып ғаламға.
Жарлының сөзін естіген,
Жан жарасына дəру боп.
Көктем сияқты кеш келген,
тұрған сəт жүрек зəру боп.
Ақиқаттың құлы ежелден,
Арлыны жақсы көрем мен.
Тірілтетін солар ғана шын,
шындықты əттең ерте өлген.
Тағдырдың соқпағында қалып,
жанардан тамшы жасы ағып.
Жабыққан шақ мың бір жан ғаріп,
ақ жүрек жандар кезігетіні анық.