Неслишаһ Эрген

Аударма Шерхан Жамбылұлына арналады.

Басқа бір əлем,

атағы бар, даңқы бар.

Басқа бір əлем,

Өзгеше бір қалпы бар.

Эфир -  шар айна,

өзгеше өлшемі бар.

Камера жарығын,

үміт деп танығын.

Көрерменге көрінсін,

тұмадай қалыбың.

Камера жарығын,

Бағым деп танығын.

Танытқын  тосылмай,

арланның танымын.

Айта біл салмақтап,

Сөзің де болсын мəн.

Асықпай  байыпта,

Ақпаратты анықтап.

Эфирдің көшінде,

Қадам бас анық шат.

Жүйрік көңіл əлі де,

Қол жеткізер бəріне.

Жете біл əрқашан,

Көрермен қадіріне.

Айналар сол сəт эфирде,

Өміріңнің өзек мəніне.

Аударма Мейірхан Мейрамбекұлы