Өмір Әнуарбек , «Алматы» телеарнасының «жаңалықтар» тізгіншісі
- Эфирге қалай келдіңіз?
-Алдымен жаңалықтар бөліміне тілші болып қабылдандым. Кейін алты ай өткен соң жүргізуші жұмыстан шығатын болыпты деген сыбыстар кете бастады. Менің алдымда бір жігіт эфирге отырғысы келген. Мен сол әріптесімнен соң отырсам ғой деп армандап жүрдім. Алайда, жаңалықтар бөлімінің басшысы мені шақырып алып, ертең тракт жасап көресің деді. Артық ештеңе айтпады. Мен келістім! Содан кейін дайындалып жүріп, тікелей эфирге топ ете қалдым)))
- "Актер - эфирді еркін бағындыра алады". Бұл - неміс телемамандарының пікірі. Осы оймен келісесіз бе?
-Жаңалықты жүргізетін адам тілші болып жұмыс істеуі керек деп ойлаймын. Сонда ғана ол, журналистің жазғанын дұрыс оқып, ақпаратты көрерменге дәл жеткізе алады.
- "Алматы" арнасының "жаңалықтарын кілең кəсіби жүргізушілер тізгіндеді. Сізге таңдау түскен кезде қобалжу болды ма?
-Алғашқыда қобалжыдым))) кейін сол жердегі ағаларымнан кеңес алып, іштегі үрейді бастым. Таңдаудың маған түскені жайдан-жай емес. Менің қолымнан келетін болғандықтан мені таңдады, деп тырыстым.
Үйренгенімнен, үйренетінім көп.
- Жас тізгінші ретінде, тобықтай ойды қорытып берсеңіз. Сіз қазақ эфирінің көшін алға жылжыту үшін не істейсіз?
-Өзіме артылған аманатты абыроймен алып шығуға тырысамын. Мен үшін эфирге шығу - елге танымал болып, көптің бірі болу емес. Ақпаратты барынша түсінікті етіп жеткізу мен үшін маңызды.
-Жұмыстарыңа сәттілік тілейміз!Елді елең еткізер жағымды жаңалықтар көп болсын