Коронавирус адам ағзасында өту үшін арнайы ақуызды пайдаланады.
Осындай жолмен ауру жасушаларды "жаулап алады". Ғалымдар SARS-CoV-2 вирусын бұғаттайтын антиденелерді тапты. Ғылыми зерттеуге сәйкес, түйе тұқымдас жануар - таутайлақта болатын антиденелер COVID-19 індетін қоздыратын SARS-CoV-2 вирусын бұғаттай алады.
Коронавирус адам ағзасында өту үшін арнайы ақуызды пайдаланады. Осындай жолмен ауру жасушаларды "жаулап алады". Ғалымдар осы процесті бұғаттайтын әдісті іздеді. Олар таутайлақтың ағзасындағы антидененің екі түрін қосып, коронавирустың таралуын тоқтататын антиденені шығарды "Бұл - SARS-CoV-2 вирусын бұғаттайтын алғашқы антиденелердің бірі", - дейді Техас университетінің доценті, биолог Джейсон Маклеллан.
Сынақ кезінде ғалымдар таутайлақтан алынған антиденелерді адам ағзасына екпе арқылы енгізу керектігін анықтады. Оны індетті жұқтырудан бір ай бұрын жасаса, осы әдістің тиімділігі артады. Сондай-ақ, антиденелерді вирусты жұқтырған адамдардың жағдайын жақсарту үшін пайдалануға да болады. Айта кеткен жөн, осы зерттеу 2016 жылы басталған болатын.
Ғалымдар коронавирустың жаңа түрі - SARS-CoV-2-ге жақын SARS-CoV-1 және MERS-CoV вирустарына қарсы дәрі іздеген. Олардың айтуынша, таутайлақтан алынған антиденелерді зейнеткерлер мен созылмалы ауруы бар адамдарды қорғау үшін пайдалануға болады.
ktk.kz
ktk.kz