- Подробности
- Категория: Проза
Бақтыгүл Ауданова
Хикая
Көп өтпей-ақ Әлияның үйіне тағы бір топ құда болып келді. Айжанды да теңі табылып тұрған да ұстап отыруды жөн көрмеді. Құдаларын шығарып салып үйге кіргенде Қанат сол жақ кеуде тұсын ұстай отыра кетті. Әлия да, Айжан да не істерлерін білмей әбіржіп қалды.
Әлия іштей түсінді. Әке жүрегі екі қызынан да айырылуға шыдас бермей жатыр. Әлияның да жүрегі ауырып жүр. «Әйел қырық жанды» деп тегін айтпаса керек. Сездірмей жүр. Оңашада қыздарын ойлап жылап-жылап алатынын кімге айтады. Жылап-жылап алып «орындарын тапқанына шүкір» деп Аллаға ризашылық білдіріп қоятынына не дерсің тағы.
–Әлия,-деді Қанат оңашада сол жақ кеудесінен әлі де қолын алмай. – Екеуін де ұшырып жіберіп жаман болып қалайын деп тұрмыз.
- Подробности
- Категория: Проза
Бақтыгүл Ауданова
(Хикая )
Кешкісін Алтайды көрді. Кешегідей емес салқындау амандасты. Күндегідей емес, бөлмелеріне бірнеше күн келмей жүрді.
Осылай жүргенде күз де бітіп, желтоқсан басталды. Студенттің бәрі жаңа жылға дайындалып жатты.
Қыстың күні қысқа болғасын ба уақыт тез өтеді екен. Жатақханада жаңа жылға би кешін ұйымдастырып жатты. Би кешіне бәрінен бұрын Гүлжан қатты дайындалды. Анасына жылап жүріп арнайы көйлек алдырды.
– Айжан сен не аласың? – деп сұрады Әлия қызынан көңілі қалмасын деп.
- Подробности
- Категория: Проза
Бақтыгүл Ауданова
Танысқан күннен бастап Алтайды сырттай иемденіп алған Гүлжан енді оны маңайындағы мың қыздан қызғанайын деді. Есіл дерті оқу емес, Алтай. Оны бірге оқитын курстастарынан да, құрбыларынан да қызғанады. Сабақ жайына қалды.
Сабақ үстінде де Алтайда ойлап отырады. Қоңырау соғыла сала есікке жүгіреді. Қыз-жігіттердің ішінен Алтайды іздейді. Оны көрсе жүрегі өрікпіп, қуанышы алаулап кетеді. Ал егер Алтайдың әлдебір қызбен сөйлескенін, не бірге тұрғанын көрсе жүзі сұрланып шыға келеді.
Алтай да Айжан мен Гүлжанға іш тартып, қарындастарындай қамқорлық көрсетеді. Содан ба үлкен курстың жігіттері бұларды қатты сыйлайды.
- Подробности
- Категория: Проза
(хикая)
Рүстемқызы Бақтыгүл Ауданова (Bakti Audan) журналист, жазушы, Әлем Халықтары Жазушылары Одағының мүшесі.
Қаламгер 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дүниеге келген.
Шардара аудандық «Өскен өңір» газетінде тілші, тәуелсіз «Шартарап-Шарайна» газетінде жауапты хатшы, редактордың орынбасары, республикалық «Барыс» газетінде әдеби қызметкер болып еңбек етті.
Ақын Әлібек Мейірбеков атындағы медальмен марапатталған.
Шығармалары «Ақ шағала жырлар» ақын-жазушылар топтамасына енген. «Пейіштің самалы» атты кітаптің авторы.
- Подробности
- Категория: Проза
Таң біліне қаланың тіршілігі басталады. Автопарктен шыққан автобустар өз бағыттары бойынша көше бойлап барады. Қалың киімдерінің сыртынан киіп алған сары қапеттері анадайдан мен мұндалап, қолдарында сыпырғыштары бар тазалық қызметкерлері де жол жағалай өз жұмыстарына асығуда. Бәрінің қамы – күйбең-тірлік, жанұяларын асыраудың амалы. Көп ұзамай қала халқы да үйлерінен шығып бірі жұмысқа, енді біреулері балаларын балабақшаға, мектепке апаруға жетелеп аялдамаға қарай жанталасуда.
Страница 27 из 44
Соңғы жаңалықтар
- Шерзат Болат ісі бойынша аппеляциялық сот өтті. Сот шешімі өзгеріссіз қалды
- Адамның 7 қуат көзі (чакралары): әрқайсысының маңызы мен ағзаға әсері
- Бағира – Шер…
- Астанада астыртын вейб саудасын қыздырған бес қойма анықталды
- 1 қыркүйектен бастап айыппұлдың орнына қоғамдық жұмыс енгізіледі
- Президент ЖИ дамыту бойынша шенеуніктерге екі ай уақыт берді
- Киелі жерге барғанда тілегің орындала ма?
- Ақтөбеде пойыз бастығын пышақтап өлтірді
- Қазақстанда интернет пен ұялы байланыс неге қымбаттап жатыр?
- Университет бітіргендер неге жұмыс таппай жүр?
- Ақтөбеде ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды
- Алматыда студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге арналған Ахуал орталығы ашылды
- Маната асуында жаңа жол салынады
- Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды
- Реинкарнация: жанның қайта тууы мүмкін бе?
- Жаңа ауруханада – алғашқы қуаныш: тұңғыш сәби дүниеге келді
- Қазақстанда +43°C ыстық басталды: дәрігерлер мен ТЖМ халықты сақ болуға шақырды
- Өлімнен кейінгі өмір: тыныштық па, жаңғыру ма?
- Перизат Қайратқа қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті
- Елордадағы әскери базада бір сарбаз жарақат алды
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru