Әуелі Құран оқушы адамды алып келіп, оған өзгелерден артықша берілген қабілетті көрсетіп, соған сай не жасағаны жайында сұрайды. Ол: «Мен Құран оқып, оны басқаға үйреттім», – дейді.
- Подробности
- Категория: Проза
Нəзмия Карадениз
Аудармамды Ислам Джолбасхановқа арнадым
Інім!
Пайда мен атақ мұрат болған заманда,
зəру көңіл, зəру жүрек жаны жомарт адамға.
Інім!
Мақсат-мұратын ізгілікке құра алмаған адамдар қарақан басы үшін ғана тірлік кешеді.
Өмірде ізгілікті жұрт көрсе деп жасайтын жандарды көп кезіктіреміз. Олардың жақсылығынан жан қуат таппайды. Жан қуат таппайтын жақсылықтан не қайыр бар?! Қоғамға өзін жарнамалап, пайда қуып, біреуге жағынсам деген ішкі есепке жүгінген адамның жақсылығын көрмек тұрмақ, қасында тұру да бір үлкен азап.
- Подробности
- Категория: Проза
Әңгіме
Бақтыгүл Ауданова
Көк пакетті қатты қысып ұстаған Сәрсен қарт банктің есігінен шыға жан-жағына көз тастап, баласын іздей бастады. Көк қасқасы анау қатар тізілген көліктердің шетінде тұр екен, өзі де сірә, соның ішінде отырған болар.
Сәрсен шал тура көлікке тартты. Жүрегі өрекпіп жан-жағына қарап қояды. Оңай деймісің, қолында бір пакет ақша. Бір миллионнан аса теңге. Көптен күткен квотасын алғаны жаңа.
- Подробности
- Категория: Проза
Бақтыгүл Ауданова
(Хикаят)
Мәңгі құмда қалғандар
Асанбайды Садықбек көлігімен аудан орталығына әкелді де автобусқа салып жіберді. Туып өскен ауылы «Қойлыққа» екі күнде жетті. Бұрынғыдан да тозып кетіпті. Әктелмеген дуалдардың көленкесінде ойнап жүрген балалар бұған таңырқай қарайды. Өзі тұрған көшеге бұрылды. Өз үйін көрді де жүрегі шымырлап кетті.
Үйінің есік терезелері жоқ, есекқора болып кеткендей. Көше бойлап жүре берді. Бейтаныс қонақтың кім екенін білгісі келгендей адамдар үйлерінен шығып тесіле қарайды. Әбірей болғанда қара көзілдірікті мұны ешкім танымаған сынайлы. Бұл көбісін танып келеді. Анау есек арбамен шөп алып келе жатқан Йулдаш ақсақал. Әлі тірі екен.
- Подробности
- Категория: Проза
Бақтыгүл Ауданова
(Хикаят)
Мәңгі құмда қалғандар
Қарашаның суық желі шөп біткеннің басын дірілдетіп тұрған. Күндегідейден ерте тұрған Садықбек киіз үйдің сықырлауық есігін ашып сыртқа беттеді. Күн әлі көтерілмепті. Күншығыс жақ жаңа ғана қызарып келеді. Күзгі суық денеді қариды. «Малды енді қораға қамау керек екен-ау» деп ойлады іштей Садықбек. Асанбай да тонып қалған шығар-ау. Үй артынан Асанбайдың жөтелген даусы шықты. Сәл күн суытса осы жөтелі ұстайды. Өкпесі кеткен болар. Қысымен күрк-күрк жөтелден өзбекі шапаны селкілдеп жүреді.
– Асанбай тонып қалған жоқсың ба? – деді Садықбек үй айналып.
– Ә, суық түсіп келеді. Қыс жақындады ғой.
Страница 25 из 44
Соңғы жаңалықтар
- Шерзат Болат ісі бойынша аппеляциялық сот өтті. Сот шешімі өзгеріссіз қалды
- Адамның 7 қуат көзі (чакралары): әрқайсысының маңызы мен ағзаға әсері
- Бағира – Шер…
- Астанада астыртын вейб саудасын қыздырған бес қойма анықталды
- 1 қыркүйектен бастап айыппұлдың орнына қоғамдық жұмыс енгізіледі
- Президент ЖИ дамыту бойынша шенеуніктерге екі ай уақыт берді
- Киелі жерге барғанда тілегің орындала ма?
- Ақтөбеде пойыз бастығын пышақтап өлтірді
- Қазақстанда интернет пен ұялы байланыс неге қымбаттап жатыр?
- Университет бітіргендер неге жұмыс таппай жүр?
- Ақтөбеде ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды
- Алматыда студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге арналған Ахуал орталығы ашылды
- Маната асуында жаңа жол салынады
- Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды
- Реинкарнация: жанның қайта тууы мүмкін бе?
- Жаңа ауруханада – алғашқы қуаныш: тұңғыш сәби дүниеге келді
- Қазақстанда +43°C ыстық басталды: дәрігерлер мен ТЖМ халықты сақ болуға шақырды
- Өлімнен кейінгі өмір: тыныштық па, жаңғыру ма?
- Перизат Қайратқа қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті
- Елордадағы әскери базада бір сарбаз жарақат алды