Торғын  Жолдасбекқызы

Ас үйдің еденін қолмен жуып жатыр ем. Кілемдерді қайырып тастағам, орындық пен дастарқанды шетке жинап...

Төр жақты жуып болған соң, еңбектеп жүріп, қолымдағы су орамалдың қиындысымен бірге таза ауа кірсін деп ашып қойған терезенің түбіне келдім. Батарейдің қырын, шетін, астын да сүртіп ап, енді орамалымды шаймақ боп суға қолымды мала беріп ем, терезенің ар жағынан біреу "Күлпааааш" деп дауыстады. Жан таласып орнымнан атып тұрып "Аау" дегелі жатыр ем, төбемнен жай түскендей жанарым жарқ ете қалды. 

Нашақорлардың «Ямасына» бардық

«Жасыл жағаға» жетіп, машинамен жаймен жылжып келеміз. Лира айтқандай, көшедегі қиқы-жиқы үйлер-дің­ алдындағы сынып, қисайып қал­ған орындықтарда қыз-жігіттер отыр. «Мың бір түннің» алдындағы жастар-дан бұл көшенің жастары бөлек екені бірден көзге түсіп тұр. Түнгі клубқа келетіндер бай-бақуат жандардың ұрпақ-тары болса, мұндағылар жарлы-жақыбай, кедей-кепшік, ішкіштер екені бірден көзге түседі.

Он алты-он жеті шамасындағы орыс қызының сары шашы ұйысып,­ киізге айналып кетіпті. Оң көзінің астынан біреу жақсылап ұрып, көк­пеңбек таңба салыпты. Оның жанын­да отырған сақал-шашы өсіп, әбіржіп кеткен жігіттің киімі де кірден жылт-жылт етеді.

Жаңа қожайынға ұнадым

Пәтер жалдап қалада тұрамыз. «Времянка» деген аты бар құстың ұясындай екі бөлмелі үйде үш жанбыз. 

Әйелім – Айғаным мен қызым – Айкүміс және өзім. Шын атым Ермұрат. Бірақ, жасым әлі отызға жетпесе де келіншегімнен бастап, танитындар түгел «Ереке» дейді.

«Ереке» деген есімге ие болсам да, ер жігітке ылайық іс тындырған жоқпын. Бұрын ауылда қарапайым, тракторшы едім. Совхозымыз тарқап, техниканы ебін тапқандар түгел бөліп алды да, мен секілді қолы қысқалар далада қалды. Кемпір-шалдың зейнет ақысына көзімді сатып отыруға еркектік намысым ұстады да, қалаға жұмыс іздеп кеттім.

Заман Төлеуов

(әңгіме)

Үлкені де биттейі де қым-қуыт құжынаған, кейбірінің үсті-бастары жүн-жүн, әлдебер сұрықсыз мақұлықты елестетін, шын-шайтанға шатысы бар – жындыкөбелектер әпсәтте, онсыз да сатала-сатала шамдалды қоршап алды.

 

– Әкесінің бастары қалған ба жарықта? Сөндірші!

Бақтыгүл Ауданова

Әңгіме

Сол күні Нүкетай әдейі кеш оралды. Ел аяғы саябырсыған соң жиені екеуінің басы бақшаның аяқ жағында түйісті.

– Менің ішпейтінімді білесің ғой. Өзің ала бер, – деді Нүкетай бір стақаннан соң. Жанәділ арақта әкесінің құны қалғандай екі шөлмекті де сіміріп салып, тілін шайнап қалды. Нүкетай оны сүйреп апарып төсегіне жатқызды. «Ә, сендер ма?» деді дабырлаған дыбыстан оянып сыртқа шыққан Жанәділдің ағасы ұйқылы-ояу.

– Тағы ішіп алған ба?

– Ия, аздап.

Түн ортасы ауғанша тың тыңдады. Апасының үйінен қыбыр еткен жан шыққан жоқ. Бағана базардан алған әйелдердің қара шұлығына асықпай отырып ойық салды. Әнеукүнгі қарақшылардан аумай қалғанын сезді. Қолына күрегін алып, апасының үйін бетке алды.