- Подробности
- Категория: Проза
- Подробности
- Категория: Проза
Шырқыраған телефон дауысынан оянып кеттім. Таң қылаң иектеп атып келеді екен. Халатымды желбегей жамылып қонақ бөлмесіндегі телефон трубкасын нарау көтердім.- Алло, қайырлы таң, құрбан айт құтты болсын!- Бірге болсын-дедім есіней отырып.- Бұл мен, сенің бала күніңдегі құрдасың, жас күніңдегі сырласың, отыз жасыңда досың, қырық жасыңда қасың болған Анық. Мен аз-кем үнсіз қалдым. Саңқылдаған дауысынан Анық екенін таныдым.- Ау, Қалеке, неге үнсіз қалдың. Білем, маған деген өкпең қара қазандай әрі ессіз адамдай таң атпастан қоңырау шалып мазаңды алып отырмын.
- Подробности
- Категория: Проза
Мен он сегіз жаста едім. Былайша айтқанда жігіт болып қалған кезім. Таңертең қой жайып кетіп кешке үйге келсем біздің үйде бір көршілес ағайым отыр екен. Ағайға сәлем беріп беті қолымды жуып шайға отырдым. Сосын барып байқадым. Әлгі ағай әкеммен ұрсысып отырған болып шықты. Шамасы болымсыз бірдемеге келіспей қалған түрлері бар. Көрер көзге әлгі ағай көбірек, қаттырақ сөйлеп, өктемдік көрсетіп ал әкем болса анда-санда бір мырс етіп ащы күлгені болмаса үнсіз отыр. Апам да ана жігітке қарап: «Қымыз іш, қайным...» - деп әлсін әлі қымыз құяды.
- Подробности
- Категория: Проза
Үй тазалаған сайын жатын бөлмедегі осы бір ескі-құсқы болып, бірақ еш жері сынып, не жарамсыз болмаса да, тозып кеткен сандық Мөлдірдің көзіне құдды бір лақтырып тастау керек заттай көрінетін. Дегенмен, үйге қонақ келгенде анасы сандықтан тыққан-пыққанын алып жатқанда, Мөлдір жанында тұрып, сандықтағы әр жаңа затқа тамсанып тұратын. Керегін алған анасына Мөлдір «өзім жаба саламын» деп, сандықтағы әрбір затты киіп, тағып көріп, әбден иіскеп-иіскеп алатын. Ондағы заттардың иісі тым ерекше еді. Ішіндегілерді ойласа, «сандықты лақтырып тастау керек» деген ойынан айнып қалатын.
- Подробности
- Категория: Проза
Ауылдың бір шетіндегі жұпыны лашықта қайыршы қария енжарлау, бұйығы тірлік кешетін. Жасы ұлғайған жарым көңіл кісі нанның қалдық, қиқымдарын жинап-теріп күнін көреді. Көлеңкесіндей көлбеңдеп қасынан бір елі қалмайтын сабалақ жүндес иті бар. Ол итіне еркелетіп қойған Сабалақ деген аты да ерекше. Қайда барса да Сабалақты соңынан ілестіретін. Тіпті ел-жұртқа көзін сатып, бір тілім нан үшін олардың есік-терезесін тықылдатып қағып тұрғанда да, ол шалдың Сабалағы анадай жерде қайқы құйрығын үздіксіз бұлғаңдатып, өзіне арналған үлесін тағатсыздана күтетін.
Страница 32 из 44
Соңғы жаңалықтар
- Шерзат Болат ісі бойынша аппеляциялық сот өтті. Сот шешімі өзгеріссіз қалды
- Адамның 7 қуат көзі (чакралары): әрқайсысының маңызы мен ағзаға әсері
- Бағира – Шер…
- Астанада астыртын вейб саудасын қыздырған бес қойма анықталды
- 1 қыркүйектен бастап айыппұлдың орнына қоғамдық жұмыс енгізіледі
- Президент ЖИ дамыту бойынша шенеуніктерге екі ай уақыт берді
- Киелі жерге барғанда тілегің орындала ма?
- Ақтөбеде пойыз бастығын пышақтап өлтірді
- Қазақстанда интернет пен ұялы байланыс неге қымбаттап жатыр?
- Университет бітіргендер неге жұмыс таппай жүр?
- Ақтөбеде ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды
- Алматыда студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге арналған Ахуал орталығы ашылды
- Маната асуында жаңа жол салынады
- Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды
- Реинкарнация: жанның қайта тууы мүмкін бе?
- Жаңа ауруханада – алғашқы қуаныш: тұңғыш сәби дүниеге келді
- Қазақстанда +43°C ыстық басталды: дәрігерлер мен ТЖМ халықты сақ болуға шақырды
- Өлімнен кейінгі өмір: тыныштық па, жаңғыру ма?
- Перизат Қайратқа қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті
- Елордадағы әскери базада бір сарбаз жарақат алды
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru