Әділбек Нұрымбетов 

Болған оқиға желісімен...

Бүгін жұмыстан соң көптен көрмеген танысыммен кездесуге барғанмын. Жұмысым ерте бітіп, кездесетін жерге ерте барып алдым. Ол әлі шықпағандықтан күтуге тура келді. Даладағы отырғышқа отырып алып, телефонымды шұқылап отырғанмын.

Кенет әлдекімнің: "брат дай 20 тенге"- деп қырылдаған даусынан басымды көтеріп алдым. Қарасам алдымда бет аузы ісіп, көгеріп кеткен БОМЖ тұр екен. Ақша жоқ деп қайтарып жібергім келіп тұрды да, уақытым бар, осыны әңгімеге тартып көрейін деп ойладым. Қалтамнан 500 теңгені шығардымда: "бір сұрақ қоямын, жауап берсең берем"- дедім.
- Қандай сұрақ?
-Алдымен отыр, жайғас, асықпа.
-Айта беріңіз...
-Осы жолға қалай түстіңіз?
Ойланып біраз отырды да сөзін бастады: "Менде де табысы жақсы жұмысым, отбасым, үйім болды. Таңертең ерте кетіп, кеш келетінмін, алтыншы күні түске дейін істейміз. Моральді және физикалық шаршайтынмын. Келе тамағымды ішемде, ары қарай шамам келмей ұйықтаймын. 

  Таңертеңгі азаппен тұрып қайта жұмысқа кетемін. Солай жүріп жаттым. Бірде жұмыстан шаршап келіп ойландым: "ақшаның соңына ешкім жеткен емес, балаларыма көңіл бөлейін, өзімді де күтейін, басқа жеңілдеу жұмыс қарастырайын "деп . 

   Сөйттім де жұмысымнан шығып жеңіл жұмысқа орналастым. Басында барлығы жақсы еді. Бос уақытым көп, ақшаныңда қиындығын сезе қоймадық. Балаларымызбен серуендейміз. Уақыт өте келе бұл жұмысты да қиын көре бастадым. Физикалық шаршамағаныммен, психикалық шаршап жүрдім. Алғашқыдай серуендеуді азайттық. Телевизорға жақындадық. Бұрын шаршап жатып қалып көрмейді екенмін. Қызық бағдарламалар береді. Қызық кинолар болатын кезде сыраны әкеп қойып көретін болдым. 

   Қойшы содан не керек, бір тәулік істеп ,екі тәулік дем алатын қарауыл болып жұмыс істедім. Ақша одан да аз болды. Есесіне екі күн демаламын. Басында ол керемет болып жүрді. Бір күн істеп келесің, екі күн бос. Көрген таныстарым: "ана жұмысты тастап қарауыл болып кеткенсің ба, әлде шығарып жіберді ма ?" - деп сұрайды. Сыра әкеліп кино қарауым көбейіп кетті. Өзімдікін дұрыс деп шештім. Бірте -бірте бір тәуліктік қарауылға баруым да ауырлады, екі күн тез өтіп кетеді. Ішіп, түнімен кино көріп бір екі рет жұмыстан қалып қойған соң шығарып жіберді.
  Үйде жаттым. Үйде күнде ұрыс, күнде айқай. Құлақтан тыныштық кетті. Үйден шығып кетіп, әйелімнің ызыңын естімейін деп ішіп келетін болдым. Солай күн артынан күн өтті. Сатуға келетін нәрселерді саттым. 
Ақыры үйді сатып, ақшасын бөліп алып ажырасып тындық. Арзан кафелерде ішіп жүргенде өзім сияқты құрдымға кетіп бара жатқан достар таптым. Әйтеуір барлығымыз өзімізден басқа- үкіметті, басшыларымызды, әйелімізді кінәлі қылып тастадық. Бүгін ертең ішіп демалып алайын, сосын өзіме келем, жұмыс істеймін. Бала шағамды қайтарамын деп ойлап қойып, ақшамды қалай тауысқанымды білмей қалдым.
Ақшам таусылғанда жұмыс істеуге құлқым болмады. Бөтелкелес достарыма барып едім, бір- екі рет алып берді да, олар да жолатпай қойды. Содан алдында көріп жүрген жеріме бөтелке өткізе бастадым. Кейін ол да қиындап кетті, себебі мен тұрғанда қоқыс жәшігін тазалап кетіпті. Ерте келіп алып кетеді екен. Содан мен де ерте тұрып алып жинап жүрдім. Бос бөтелке көрсем жаман қуанатын болдым. Содан қоқыс жәшігін тазалайтын "местныйларменде" кездестік. Олар көп екен.    

   Жабылып сабап кетті. Бірте- бірте солармен танысып қатарына қосылыпта кетіппін. Мусоркадан тамақ қалдықтарын жепте үйрендік. Алғашында құсып өліп қала жаздағанмын, кейіннен үйрендік. Арзан арақты тоңбас үшін ғана ішетін болдық. Бөтелке жинаудан шаршауға мүмкіндік жоқ. Себебі аштан өлесің. Ал тапқан ақшамыз тамағымызға әрең жетеді. Тойып тамақ жемегелі қашан. 
Кейде барлығын тастап қайта жұмыс істегің келеді, бірақ кім жұмысқа алады. Оған керек қаражат және жоқ. Оның үстіне бұрынғы денсаулық жоқ. Шаршап қала берем. Осы кеткенім кеткен шығар,- деп көзіне жас алды. Аяп кеттім.
Шылымын шегіп алып сөзін қайта жалғады: "Бір ғана өкінішім бар. Алғашқы жұмысымнан кеткенім. Кешке келем. Әйелім, балаларымның, достарымның жұмыстастарымның алдында абырой бар. Тамақ дайын, киім үтіктеулі, баспана бар. Бір күні мынадай тамақ ішкім келеді, бір күні анадай. Сенбі, жексенбі күндері жақсы жерлерге қыдыратынбыз. Ресторанға, паркке т.б.
Әттең сол уақытты қайтарса ешқашан шаршадым деп жұмыстан шықпас едім ғой. Ешқашан. Шаршадым дегенді жай өзіміз айтып, соны санамыз сіңіріп алып, өзімізді өзіміз сендіреді екенбіз.
Іште өзекті өртейтін өкініш қалды"
Сөзін аяқтаған ағамыз ақшаны алып, орнынан тұруға оқталғанда қалтамнан соңғы екі мың теңгені алып және бердім. Ішетінін біле тұра, бәлкім ойланар, ойланарда қайта көтерілер дедім. Ақшаны қолы қалтырай алып, көзінің жасын сүртіп, басын салбыратып кете барды.
Өзім де терең ойдың жетегінде кеттім: "Жұмысымнан шаршадым" деп менде арасында ренжіп қоямын- ау. Себебі дәл қазіргі уақыт тек күрестен тұратын уақыт қой. Құладың бітті, жалма жан тұруға әрекеттенбесең сол жерде солып жоқ боласың. Ешкім тұрғызбайды да. Тек күшті болуың керек.
Сондықтан достарым, бауырларым шаршамайық. Шаршадым деген азғындауға сенбейік. Қартайғанда организм шаршайды, шын шаршайды. Соған дейін қайтпас қайсарлықпен қарсы жүрейік.
"Өзіңе сен.
Алып шығар
Ақылыңмен қайратың
Екі жақтап" -деп Абай атамыз айтқандай өзімізге сенуіміз керек.