Ибрагим Нұрпейіс Кенжеғалиұлы

Болған оқиға желісімен

  Ол заман сондай еді, бір құдықтан адам да, мал да су іше беретін. Ертеңгісін апамыз шай дайындап жүріп, сырттағы ер кісілердің шуылдаған дыбысын құлағы шалып қалды.

Әңгіме

Ерсін Ерғалиев

Кеңес Одағы тұсында Көкшетау қаласының қазіргі Абай және Горький көшелерінің қиылысында шайхана болатын. Ауылға деген сағынышты осы шайханаға келіп, шай, бауырсақ, қымыз ішумен басатынмын. Бірде дастарханға жайғасып, қымызға тапсырыс берген соң, жанымда отырған жігітке көз салсам, өзім құралпылас жігіт екен. Екеуміз тез тіл табыстық. Есімі Еркін екен. Қымызға мейірімізді қандыра отырып, жылқының бабаларымыз үшін әрі көлік, әрі азық, әрі сусын болғанын және оның бүгінгі күні де халқымыз үшін маңызын жоя қоймағанын, тіптен қымыздың туберкулез, обыр ауруларына да таптырмас ем екенін тілге тиек еттік. Еркін өзінің жылқы малын қатты құрметтегенімен, жылқы етін жемейтінін айтқанда құлағым елең ете қалды. Менің таңғала қарағанымды көрген Еркін әңгіме өзегін әрі қарай жалғастырып әкетті:

                                 Әңгіме

                                 Ерсін Ерғалиев

   10 сыныпты аяқтадым. Жоғары оқу орнына қабылдау емтиханы тамыз айында басталады. Әкеме емтихан басталғанша қой бағып ақша табайын деп едім (ол кісі кеңшардың кадрлар бөлімін басқаратын) «сынаққа дайын болсаң жолыңа ақша тап» деп рұқсатын бергенде, қуанып кеттім. Сонымен жолдасым Айдарбек екеуміз кеңшардың қойын бағуға кірістік. Мініске берген атқа көңілім толды. Бұл кезде аттың күні өтіп, машиналардың бәсі жүрген кез. Астымдағы ат талай жарыстарға қатысып жүлделі орын алып жүрген сәйгүлік болса да, заманы өтіп, қойшының аты ғана болып қалған еді. Аты Жұлдыз. Қолға үйренген көнбіс мал.

Алма Түсіпбекова
 
 Біздің қоғам маңқа мұрны шу-шу еткен, жалқаулығы тағы бар, аяғын санап басып, ауыр қозғалатын сары Атанға ұқсайды. Ең сорақысы, оның ноқтасы кімнің қолында кетпеді десеңізші...
 Есте жоқ ескі замандарда бір диуана әлгі Атанды көрген екен. Оның айтуына қарағанда, әлгі атанның шудасы тоқты-торымның өлексесін бір отырғанда қылғыта салатын, ол аз десеңіз, алпауыт құрлықтарды  түйір ас құрлы көрмейтін, тістерінің арасына  тұрып қалған  алтын-күмістерді асқазанына қарай «асыратын»,  бағалыны бағындай көретін,  өмірі толмайтын  өңеші бар әлдекімнің жұмулы жұдырығында қалған екен дейді...

Қызылжар қаласында тығыз шаруам болып автобекетке келіп едім, автобусқа билет болмаған соң таксистер тұрағына келдім. Таксист: «Қызылжарға барсаңыз бір орын бос», - дегесін Қызылжар қаласын бетке алып жүріп кеттік.

Көрші жолаушы егде тартқан, иманжүзді әйел екен. Ол кісі «жол қысқарсын», - деп мені әңгімеге тартты. Есімін Әлпеш дегенде менің таңырқап қалғанымды көріп: