- Подробности
- Категория: Проза
(Әңгіме)
Айдарбек биыл аттай алпысқа келеді. Мына ғұмырда әйтеуір біреуден кем, біреуден ілгері, тағы біреумен қатарлас өмір кешіп жатыр. Әкеден үш айлығында қалды. Анасы екі ұлды жағалыға жалынып, етектіге еленіп жүріп асырап, бақты .Адам қатарына қосты. Айдарбегі кішісі. Шешесі «Айкенжем» деп еміренетіні де сондықтан. Қазір өзі де «ата» атанып отыр. Біреулер айтады «Өткен күнде белгі жоқ» деп. Айдарбек бұл қағидаға келіспейді. Өйткені артына қараса сайрап жатыр сол күндер...
Сәуірде 18 ге толатын кез еді әскер қатарына шақырылды. "Қарастық адамы жоқ,ала қоймайды" деген ауылсәбет анасына.Бірақ әскери комиссияға Айдарбек өтірікті шындай,шынды құдай ұрғандай қылды."Екі жыл екі күндей болмайды.Әскерге барсаң өмір көресің.Нағыз жігіт болып ораласың"дегендер көп болды.Шашын сыпыртып ауылға оралды.Анасы оны құшақтап егілді.Алысқа шығып көрмеген кенжесін қимады.Ауылдың кемпірлері «Не соғысқа кетіп бара жатыр ма еді,құдай-ай соғанда?» деп еріндерін сылп еткізіп бір қойды.
- Подробности
- Категория: Проза
Құралай Сейсенбекқызы
Өмір хикаялары
Жолдасыма желідегі жазбаларды оқытпаймын. Біртүрлі сияқты. Соткасымен инетке кіріп: -Қазір сені тауып оқимын,- деп оңаша кеткен. Сәлден соң апыл-ғұпыл жүгіріп келіп:
-Мыналарың кім?,- дейді көз шарасынан шығып. -Өңшең еркектердің ортасында жетісіп тұр ғой, әкең...,- дейді
-Не болды?,- деп соткасына үңілсем
-Не болушы еді?! Сейсенбекқызы Құралай деп жазып, іздеп таптым! Енді тұрсың ғой міне поискта өңшең "Сейсенбеков" деген еркектердің ортасында,- деп қояды.
- Подробности
- Категория: Проза
Күз
МЫҚТЫБЕК ОРАЗТАЙҰЛЫ
Болған оқиға ізімен...
Алматының жүз құбылатын ауа-райы бүгін де мінез көрсетіп тұр. Сіркіреген майда жаңбыр бөлшектері адамдардың көз алдында секунд сайын өсе түскендей, тамшылары іріленіп, кәдімгі ақ нөсерге айнала бастады. Жапырақтары селдіреген жүдеу ағаштардың жаздыкүнгідей мың бұралып, ырғалуға да шамасы келмей қалған. Тағдырдың талқысына ұшырағандай кейбір жапырақтар үзіліп түсіп, тамшымен араласып, ары қарай қалықтап, ағаштан ұзааа-а-ап барып жерге елеусіз ғана етпеттеп қонып жатты.
Күздің мына әдемілігі мен қаталдығын тамашалап тұра беруге уақыт аз. Аялдамада мен секілді басына дейін оранып, қымтанып алған жолаушылар көп. Бәрі де көлік күтіп тұр. Аялдама деген уақытша ғана ықтасын ғой. Көлігің келсе бұл жерде бір сәт те тұрмайсың. Сел жауынға малшынған кең көшеден өтіп жатқан көліктерге қараумен-ақ, мына тентек құбылысты көз тойып тамашалауға мұршаң болмайды.
- Подробности
- Категория: Проза
(Әзіл әңгіме)
Уәлиолла әр кез жаңа жыл қарсаңында тағдырын жүз сексен градусқа айналдырып жіберген сонау тышқан жылын еріксіз еске алады. Олай дейтініміз, сол күнгі оқиға бұл үшін басы қатты, аяғы тәтті болған бір хикая еді. Әйтеуір тағдыры алдымен қыл үстінде болып, соңы жайма шуақ өмірге ұласқанына ол мың тәубе дейді. Әйтпесе, әлі күнге ащы суға тойып алып, гәккулетіп жүрер ме еді, әлде келместің кемесіне мініп кете бара ма, кім білсін…
Страница 41 из 44
Соңғы жаңалықтар
- Министрлер мен сыртқы саясатқа жауапты лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды — Ақорда
- Бурак Өзчивит Ақтауда: Түркі әлемінің мәдени астанасы атанған қалада түрік актері қонақ болды
- «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға кәсіпкер жаңа көлік сыйлады
- Қырғызстанда өлім жазасын қайтару бастамасы көтерілді
- Ойыншы
- Павлодар облысында 3 жасар қыздың қазасы: әкесі күдікке ілінді
- Қымбатшылық пен төмен жалақы: Экономикалық талдау
- Қазақстандағы "Сталкинг" заңының алғашқы қолданысы: Атырау облысындағы іс
- Санамның құпиясы: жан өлген соң қайда барады?
- Атыраулық тіс дәрігерлерінен 600 млн теңгенің мүлкі тәркіленді
- Қазақстанда ҰБТ форматы мен мазмұны өзгереді
- Қара кемпір
- Қымбатшылық жағдайында қаражат үнемдеу жолдары
- Египет курорттарында акулалардың жиілеуіне байланысты 10 отелдің жағажайлары жабылды
- Интуицияның құпиясы: жүректің үнін ести білу
- Зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметке пайдалану уақытша тоқтатылды
- Қазақстандықтардың есепшоттарына кибершабуыл жасаған күдікті ұсталды
- Ыстамбұлда экономикалық жағдайға байланысты наразылық өтті
- 2025 жылғы қыркүйектегі Ай тұтылуы: ғалымдар не дейді?
- Жеңгесімен көңілдес болған жігіттің хаты