- Подробности
- Категория: Проза
(Жалғасы)
әңгіме
Гүлді қай кезден бастап сүйіп қалғанымды есіме түсіре алмаудың өзіндік сыры бар. Гүл кластың старостасы(класком) болғанын айтып өттім ғой. Біздің кезімізде старостаға сөз айтпақ түгіл, ғашық болу күнә болатын.
(Гүл статусына "басты қатырма"-ны(не беспокоить) қойып қойып, жазуды бұрқыратып жатыр)
- И мен де 9-класқа жаңадан келген ем ғой, Баха, помнишь....
- Подробности
- Категория: Проза
4.ҚАЙДА ЖҮРСЕҢ АМАН БОЛ
әңгіме
(Жалғасы)
- Как уақыт бар? Көргің келмей ме сонда мені? (Баяғыша өкпелей бастады)
- .............................. (Қап, құдай-ай, енді қайттім, ә?!!)
- Жа-а-ан... диім... саға-а-ан... умоляю пожа-а-алуйста...
- Әу........ ................... (Гүл енді жүрегімде "Қара жорғаны" қойып, "Лезгинка" билеуге көшті)
- Көз тірімізде бір кездесейік те...
- .........................................(менде үн жоқ)
- Подробности
- Категория: Проза
3.ҚАЙДА ЖҮРСЕҢ АМАН БОЛ
әңгіме
(Жалғасы)
Гүлді мен қатты жақсы көрем бе десем, ол менен де қатты сүйген екен, сүйеді екен. Жоқ, екеуміз бір-бірімізді теңдей сүйеміз! Хабарласқалы бері бұған анық көзім жетті. Құдай тағала екеумізді қоспағанмен, хабарласуға мүмкіндік бергеніне шүкір! "Адам тағдыры мен атының арасында тікелей байланыс болады" деген логикаға салсақ; Бақыт деген есіміме орай - бақытым осы шығар. Гүлдің де іші сағынышқа толып қалыпты, тоқтамай жазады және жазып та жатыр. "Сүйріктей сүйкімді саусақтарыңнан айналдым сенің!
- Подробности
- Категория: Проза
2.ҚАЙДА ЖҮРСЕҢ АМАН БОЛ
әңгіме
(Жалғасы)
Жылап-сықтап болған соң әңгімені әрі қарай жалғадық. Басында әңгімеміз бұлайша өрбиді деп еш ойламағам. Жай ғана ересек адамдарша хал-жағдай сұрасумен шектелерміз дегем. Сөйтсем жүрегіміз сол баяғы мәһһəббат шәрбаты толған күйі лүпілдеп тұр екен ғой.
- Подробности
- Категория: Проза
1.ҚАЙДА ЖҮРСЕҢ АМАН БОЛ
(әңгіме)
Ғаламтор алға-а-а-ш шыға бастаған жылдары барлық керек ақпаратыңды, тіпті керек адамыңды да "ГУГІЛден" (Google) тауып аласың дегенді естіп, көңілім нілдей бұзылды. "Бұзылғаным" - баяғы бозбала шақтағы алғашқы махабатымның амандығын білу болатын. Содан оны іздей бастадым. Ол қазір қайда екен, аман-сау жүр ме екен, ол да мен секілді мені ойлап сағына ма екен деген сауалдар санамды сансыратып жіберді. Делқұлы адамдай біртүрлі бейбақ күй кештім. Көне альбомды ақтарып, ғашығымның асыл бейнесін сағына сипап, бетіме тақадым. "Жаным-ай, қайдасың?" деймін өз-өзімнен күбірлеп..."Сені ойласам жанарыма, Жас келеді мөлдіреп"
Страница 43 из 43